10:18 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Ата-ана сұрақтары: Біз балаларды рөлден шығару кезінде – «үлкен бастықтың» рөлінен, «сыншы», «қырсық», «барлығына көмекшіден» - осы рөлдерге қатысты олардың бір уақытта жаман қасиеттерімен қоса жақсы қасиеттерінен де арлытып қоймаймыз ба? Баланың бойынан өзіміз көрмеген басқа да мінез-құлықты байқаған кезімізде алдыңғы рөлдегі жағымды қасиеттерін сақтап қалуға көмектесуіміз керек. «Үлкен бастық» - көшбасшылық қабілетін жоғалтып алмауы керек, «сыншының» байқампаздығын мақатуымыз керек, «қырсық» - өзінің табандылығы мен төзімділігі үшін сыйлауға лайық, ал «барлығына көмекші» өзінің жылы жүрегі жайлы ұмытпауы керек.
* * *
Ұстаздар сұрақтары: Мектептегі бірінші жұмыс күні маған балаларға мына нәрселерді ескерту туралы бұйырылды: оқушыларға қатысты ережелердің қатаң сақталуы; қажет болған жағдайда мұғалімдер жиналысына шақыру немесе ата-анасын шақырту; баланы жат әдеттерден арылту; тәртібіне қатысты сабақтан кейін қалдырып сөйлесу; тіпті ережеге бағынбаған жағдайда мектептен шығарып жіберу туралы айту бұйырылды. Менің ойымша: бұл ережелер балаларға «қиын» рөлді жүктеп тұрған жоқ па? Бұл мәселеге сіз қандай ой қосар едіңіз? Оқушылар әдетте мұғалімдердің өздерінен не күтетінінен де асып кеткісі келеді, немесе керісінше мұғалімдерін алдағысы келеді. Егер сіз оларды түзетулер мен тәрбиеге мұқтаж, яғни «қиын балалар» деп қабылдасаңыз, олар сіздің жұмысыңызды одан әрі қиындата түседі. Ал егер сіз балалардың бойынан жақсылық іздесеңіз, сапалы білім күтсеңіз, онда балалар да сіздің сеніміңізден шығуға тырысады. Бір мұғалім тоқсанның басында өзінің ең қызықты иедяларын оқушыларымен бөліскенін (мысалы, радиостанция құру) және оқушылардың ол идеяны жүзеге асыруға қатысқанын қалайтынын айтты. Кейін тақтадағы хабарландыруды көрсетіп былай деді: «Ал енді мақсатымызға жету үшін бірнеше ережені еске сақтайық! Сендер ол ережелерді білетін шырғасыңдар». «Осылайша, - деді біздің корреспондент: - оқушыларым өздерінің істеріне өте жауапты, шығармашылықты құрметтейтін, оқу барысына айтарлықтай үлес қосуға қабілетті жандар деп есептейтінімді білді». баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |