21:46 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Ата-ана сұрақтары: Мен түйіткілді мәселелерді шешудің жолымен де шеше алмайтын жағдайға тап болдым. Менің асыранды үш баламның біреуі болсын, бейтаныс әлдебіреулердің мектепте оларды ұрып-соғып, қорлағанын, киген киімдері мен шаш қоюларына, сорақысы көздерінің түсіне де күліп, мазақ қылатындарын айтпай келетін кезі болмайды. Тіпті бұл көрініс ізін суытпай апта сайын қайталанып тұрады. Мен оларға мұндай ақымақтықтарға назар аудармау керектігін айтамын. Оларға тағы қандай кеңес берсем болады? Жаныңа батқан ауырлық пен ренішті елемей кетуге болмайды. Шарасыз қалған бала бір адамның оның ішіндегі күйзелісті түсінетінін білуі керек. Ол өзінің қорқынышы мен күйзелісін белгілі бір себептермен физикалық немесе эмоционалды түрде ересек адаммен бөлісуді қалайды. Сіз өз түсінігіңізді жеткізе алған кезіңізде, балалардың қолдауына ие бола аласыз. Бүкіл отбасымен бірге мәселені бірлесіп шеше аласыз. Барлығы төменде келтірілген бір немесе барлық мәселелерді талқылауға қатыса алады: - Чул Судың басынан өткен жағдай сізде де болды ма? Бұл мәселеге қалай қарадыңыз? - Егер сізді біреу келеке етіп, сөз етсе, ол адамды естімеген сыңай танытып, әңгіме тақырыбын басқа жаққа аударасыз ба, әлде онымен келісесіз бе? Мүмкін айтқандарының бәрін жай қалжыңға айналдырасыз ба («Иә, бұл шаш үлгісінің арқасында менің үстіңгі шашым тегіс тұрады. Бірақ мен өзімді ыңғайлы сезінемін!») - Егер сізге біреу кеп физикалық тұрғыда сес көрсете бастаса, көмек шақырасыз ба, әлде «әй, сенің артыңда бірдеңе тұр ғой?!» - деп айқайлап, қашып кетесіз бе? сізге күш қолданғалы тұрған «залымға» өзіңізде жұқпалы әрі өлімге әкелетін ауру бар деп айтасыз ба каратэні меңгеруді бастайсыз ба? - Ересектердің қайсысы қорлау мен төбелесті тоқтата алады? Мұғалім? Мектеп директоры? Асырап алушы ата-аналар? «Залымдардың» ата-аналары? Сіз пікірталас кезінде туындаған барлық шешімдерді жазғанда, балалар ойдан шығарылған сценарийлерді ойнай алады. Олардың бірі басқаларды ренжітеді не өзгені мазақтайтын болады. Мәселелерді шешудің топтық жиналысының соңында балалар өздерін жақсы сезінеді. Олар өздеріне сенімді болады және өздерін бір отбасының мүшелері сияқты сезінеді.
* * *
Ұстаздар сұрақтары: Өткен аптада маған оқушылардың бірімен кешігу мәселесін шешу керек болды. Біз бірлескен «миға шабуыл» кезеңіне жеткенше бәрі жақсы болды. Мен бірден екі керемет нұсқаны ұсындым. Кішкентай қыз бұл кезде үндемей қалды. Мен бұл кезде бірдеңені қате істедім бе? «Миға шабуыл» басталғаннан кейін үзіліс жасауға кеңес береміз. Алғашқы бірнеше ойды сіз емес, бала айтсын. Сіздің үнсіздігіңіз – бұл оны шақыру, оған деген құрмет белгісі. Сондай-ақ кез келген ұсыныстың өте маңызды екенін және ойлануды қажет ететінін көрсету тәсілі. Ересек адам шешімдерді тез ұсынғанда, тіпті олар «керемет» болса да, бала көбінесе осы осы процеске деген қызығушылығын жоғалтады және өз ұсыныстарын ұсынбайтын болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |