11:23
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Кейде балалармен бірге «миға шабуылды» бастап, олардың маған айтқан айыптауларын тыңдауға тура келетінін байқадым. Мәселен, мен: «Мүмкін мен бірдеңе жасай алатын болармын» деп ұсыныс білдірем. Олар: «Жоқ, бұл сенің қолыңнан келмейді! Өткенде сен әлгі бірдеңені жасаған кезінде не болғаны есіңде ме?» деп сұрақтарын жаудырды. Содан арамызда бұрын өтіп кеткен оқиғалар туралы ұзақ жанжал басталады. Осындай жанжалды болдырмаудың жолы бар ма?

Егер балалар сізді айыптай бастаса, оларды әңгіменің басты тақырыбына былай деп қайтаруға болады: «Бір-бірімізді бұрын болған жағдай үшін кінәламайық. Біз бәріміз бірге болашағымыз үшін шешім қабылдауымыз керек.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мұғалім мен оқушы мәселенің шешімін бірге іздегенде, бәрін жазу керек пе? Мүмкін бәрін жай талқыласа да жеткілікті шығар?

Кейде сол да жеткілікті. Бірақ ересек адам оның ойларын байыпты қабылдағанын көргенде, баланың түрінде пайда болатын мақтаныш пен ләззат дәрежесін бағаламаңыз. Егер сіз оның сөздерін жазсаңыз, ол өз ойларының құндылығын көрнекі түрде растайды. Осылайша, сіз баланың шығармашылық қабілетін оятып, оны ынталандыратын боласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: