21:32 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Мұғалімдердің сұрақтары: Ескертпе мен бұйрықтың айырмашылығы қандай? Егер мен «Отар» десем, бұл бұйрық болмай ма? Егер сіздің ескертпеңіз етістік («Тоқта!» «Тұр!» «Бар!» «Отыр!») болса, онда ол бұйрық болады. Қандай да бір ескертпе зат есім болған кезде нәтижелі болады. «Лори... сенің орның!» Бұндай фразаны естіген Лори ойлана бастайды: «Менің орным? Оған не болыпты?... О, мен ана жерде отыруым керек екен ғой... Өз орныма отырғаным дұрыс». Сіз қызға не істеу керек екенін айтқан жоқсыз. Бірақ оның назарын өз әрекетін анықтау мәселесіне аудардыңыз.
* * *
Ата-ана сұрақтары: Мен секілді сабырсыз адам үшін баланы ұрудың орнына бұрышқа жіберу – үлкен жетістік. Ендеше, өз-өзіңді ұстай алмаған сәтте не істеуге болады? Бір әйел: «Адам өзінің төзімі таусылғанын сезгенде «бұрышқа» тұратынын» айтты. Әлгі әйел: «Түскі ас ішетін үстел бетін ұлым өзінің жаңа ойыншығымен сызып отырғанын көріп, қолынан ойыншықты тартып алдым да: «Мына қылығына қатты ашулымын, сабырға келу үшін өз бөлмемде бола тұрамын!» дедім. Ол сабырға келген соң баласына үстел бетін қалай қалпына келтіру керектігін көрсетіп берді. Доктор Хаим Гинотт басқа ата-ананың осыған ұқсас сұрағына былай деп жауап берді: ол тік тұрған күйде кішкентай тентекке қарап тұрып, қолын көтеріп, сескендірген кейіппен: «Мен тым ашулымыг! Сені тіпті ұруға дайынмын! Аман қалғың келсе, қаш!» деп айқайлайтынын айтты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |