21:40 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Мұғалімдердің сұрақтары: Қызық, жасөспірімдерге де ақпаратты хабар беру керек пе? Сурет сабағында біз коллаж жасадық. Мен бір қызға: «Шейла, пастаның қақпағы жабылмаса кеуіп кетеді», - еп айттым. Қыз көзін алартты да. «Иә, мен білемін!» - деді. Неге менің сөздеріме олай жауап берді? Демек, ақпарат ретінде берген хабарыңыз баланың жасына сай келуі керек екен. Егер сіз жасөспірім балаға оның біліп тұрған дүниесін ескертіп айтатын болсаңыз, ол бұны қорлау деп түсінуі мүмкін. Шейлаға жай ғана «Шейла, паста!» - деп жұмсақ айтқаныңыз жеткілікті болар еді.
* * *
Ата-ана сұрақтары: Қызым Джилл балабақшадан ренжулі әрі көңілсіз күйде келсе, тәрбиешісі тағы да «жазалау» үстеліне отырғызғанын бірден түсінемін. Бірде кешқұрым жолдасыма ашуландым, сол сәтте Джилл: «Әкешім, сенің «жазалау» үстеліне отрығаның дұрыс деп ойлаймын» деді. Үйде баланы ешкім бұлай жазаламағандықтан, қатты таң қалдым. Балабақшада, мектепте жазалау тәсілін қолданбағанымыз дұрыс па? Ойланарлық мәселе! Ал сіздер не ойлайсыздар? «Жазалау» үстелі дегенді сыпайылап түсіндірсек, оған отырған баланы ұрмайды, ұрыспайды. Балада байқалған ерсі әдет-қылықтардың алдын алып, оны тоқтату. Бала тәрбиесі саласындағы кейбір мамандар осы әдісті қолдануды ұсынады. Ал мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің ұлттық бірлестігінің айтынша, бұл тәртіптік шара – дене жазалары, сөгіс және айыптаулармен салыстырғанда анағұрлым зиян екен. Бұл көзқарасты түсіну оңай. Ересек адам сіздің айтқан сөзіңіз бен жасаған ісіңіздің оны қаншалықты қорлап, төмендететінін сезіне алады. Алайда «жазалау» үстеліне отырған баланың жан дүниесінде не болып жатқанын елестету қиынға соғады. Дегенмен елестетіп көріңіз. Өзіңізді төрт я бес жасар бүлдіршіннің орнына қойыңыз. Өз тобыңыздағы ер балаға қатты қатты деп ойлаңыз (ол сізді не ренжітті, не бір затыңызды тартып алды не болмаса жағымсыз атпен келеке етті). Қайтарымы ретінде сіз оны ұрдыңыз, итеріп жібердіңіз, ұрыстыңыз немесе оған күрек лақтырдыңыз. Ал енді сіздің әрекетіңізге деген мұғалімнің екі түрлі көзқарасын елестетіңіз. Бірінші нұсқада мұғалім: «Дереу доғар! Өзіңді бұлай ұстауға болмайды! Тез арада «жазалау» үстеліне отыр». Сіз еңсеңіз түскен күйде үстелге отырып, іштей: «Апай әділетсіз. Ол джеффридің маған не істегенін көрген жоқ. Барлығына сол кінәлі!» немесе «Мүмкін мен шынымен жаман шығармын! Жаман болғаным соншалық – оқшаулауға тура келді» деп ойлауыңыз мүмкін. Екінші нұсқа бойынша мұғалім сізге: «Сен Джеффриге қатты ашуланғандықтан, оны итеріп жібердің. Итеруге тыйым салынған. Көңіліңе тиген дүниені Джеффриге мына сөздермен айт...» деуі мүмкін. Мұндай жағдайда сіз өзіңізге «Ол менің Джеффриге не үшін ызаланғанымды түсініп тұр. Ол джеффриді итеруіме мүмкіндік бермегенімен, оған өз сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алатыныма сенеді. Мүмкін, осы дұрыс шығар» деп айтуыңыз мүмкін. Сіздің алдыңызда бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі көрініс тұр. Бірінші жағдайда: бала қоғамнан алыстатылатындай жаман екеніне сенімді болады. Екіншісінде: ол қоғаммен сенімді түрде, ешқандай күш көрсетусіз өзара әрекеттесуге үйренеді. Бұл дегеніміз – баланы ешқашан топтан ажыратпау қажет дегенді білдіре ме? Кей мұғалімдер әр сыныпта бала мазасызданған сәтте оңаша қала алатын орын болуы қажет деп санайды. Мұндай бұрышта кітаптар, қарындаштар, қағаздар және ұруға немесе тынығуға арналған жастықтар болғаны абзал. Баланың бұл орынға бұйрық бойынша емес, өз еркімен баруы өте маңызды. Мұғалім балаға. «Сенің әлі Джеффриге ашулы екеніңді көріп тұрмын. Бұл жайлы сөйлесеміз бе, әлде сен бар сезіміңді қағаз бетіне түсіру үшін біздің шағын бұрышымызда бола тұрғың келе ме?» деп таңдау қоя алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |