11:49 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Мұғалімдердің сұрақтары: Мен мәселені ашып көрсетсем де оқушы оған жауап қатпайды. Не істеуім керек? Кеше бірінші сынып оқушысына: «Джим, сен аяғыңды жүретін жолға қойып алыпсың», - дедім. Ол аяғының астына қарады да: «О!» - деді де отыра берді. ары қарай не істеу керектігін білместен өзім абдырап қалдым. Сіздер әрқашан өз ескертпелеріңізді қайталай аласыздар. Егер бала оған да мән бермесе, онда оған былай деп хабар беріңіз. «Біреуі болмаса біреуі аяғына шалынып құлауы мүмкін». Бір-екі рет айтқанды ұқпаған кейбір балаларға ескертуді бірнеше рет жасағанның айыбы жоқ.
* * *
Ата-ана сұрақтары: Мен жақында екі ер балаға өгей ана атандым. Менің жолдасым балалар нашар баға алса, оларды қалтапұлынан айыру қажет деп санайды. Ал өз басым олар жақсы баға алған сайын қалтапұлдың көлемін көбейтіп отыру керек деп ойлаймын. Осы тәрізді марапаттар ынталандырудың жағымды жолы емес пе? Оғаш көрінсе де, зерттеу нәтижелері бойынша айтсақ, марапаттар да, жазалау да белгілі бір мерзім аралығында баланың оқуға деген зауқын қашырады екен. Ал балада пән сабағына деген қызығушылық басым болған кезде ғана ынтамен оқиды екен. Демек, жақсы баға алған бала онсыз да марапатталады. Оған ата-анасының қуанышты жүздері мен баласының жетістігімен мақтанғандары жеткілікті. Нашар баға алған оқушы әрине жазасыз қалмайды. Мұндайда ата-анасы баласының мұңын түсініп, жағдайды реттеудің әдісін табуға көмектескені жөн. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |