23:35
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Мұғалімдердің сұрақтары:

Жақында оқушыларымның бірі өз отбасындағы мәселесімен бөлісті. Оның ата-анасы мен ағасы бір-бірімен үнемі ұрсысатын көрінеді. Мен оған: «Мен мұның бәрі саған қалай ауыр екенін түсінемін. Бірақ оларға не үшін алғыс айта алатының жайында ойланып көр» дедім. Оқушым көз жасына ерік берді. қай жерден қателестім екен?

«Бірақ» сөзінен сақ болыңыз. Бұл шылау кез келген эмоцияны бірден жоққа шығарады. «Сенің сезімдеріңнің не себепті маңызсыз екенін қазір түсіндіремін» деген сигнал жібереді. Балалар сізден олардың сезімдері мен эмоциясын бағалағаныңызды емес, қабылдағаныңызды қажет етеді. («Үйде болып жатқан жағдай сені ренжіткенін білемін... Сен жақындарыңның бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғанын қалайсың»). Толық және шартсыз түсіністік көрсетуге тырысыңыз. Содан кейін сіздің жас сұхбаттасушыңыз өз мәселелерін қорықпастан шеше бастауға дағдыланады.

* * *

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

Бір күні балам келіп, мұғалімі оны жазаласа да, «бұл ақымақтың сөдерін айтпаймын» деді. Мен оған бұны оқуы керектігін айтып, оған таңдау ұсындым: оған айнаның алдында оқып, не менің алдымда оқып жаттыға алатынын айттым. Ол бұл ұсынысымды қабыл алмады. Сізден не ұсынар едіңіздер?

Бала әлденені жасаудан толыққанды бас тартса, ол бұл таңдауды тұзақ не манипуляция деп ойлағаннан бас тартуы мүмкін. Сіз оған таңдау ұсынбас бұрын, бала сіздің оның неге бұлай жасағысы келмегенін түсінгеніңізді сезуі керек. Мысалы: «Көпшіліктің алдына шығып кітап оқу кімді болса да қорқытады. Тіпті бұл істің шеберлерінің өзі қобалжиды. Сенің ойыңша, бұл жағдайда қалай өзіңді сабырлы әрі сенімді ұстауға болады№ айнаның алдында жаттығу керек пе?... Әлде отбасы мүшелерінің алдында өнер көрсетуің керек пе?»

Сіздің нұсқаларыңызды тыңдаған бала өз нұсқасын ұсынуы мүмкін. «Мүмкін, дауысымды магнитофонға жазып, жаттап алғанша тыңдап көремін».

Бала сіздің оның тарапында екеніңізді, оған тапсырманы орындау қиын екенін түсініп тұрғаныңызды сезінуі керек. Сол кезде ғана ол сізді тыңдайды әрі сіздің ұсыныңызға көңіл бөледі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 88 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: