07:31
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

ТӘРТІБІНДЕ ОЛҚЫЛЫҚТАР БОЛСА ДА, БАЛАНЫҢ ІШКІ СЕЗІМІН БІЛДІРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ БАР ЕКЕНІН МОЙЫНДАҢЫЗ!

- Холли, сенің қатты сурет салғың келіп тұрған секілді.

+++

- Қазір сурет салуда Мей Лидің кезегі. Сенің есіміңді бас әріптермен мына жерге жазып қояйын. Бұл сурет салғысы келген жандардың тізімі.

+++

- Ричард, сенің секіргің келіп тұр ма? Бізде үстелден секіруге болмайды деген ереже бар еді.

+++

- Ал ойын алаңында қаншалықты биік, әрі алысқа секіре алатыныңды көрсете аласың.

Егер бала өз сезімі мен көңіл-күйін мұғалімге түсінікті болғанын ұқса, онда мұғалімге оқушының тәртібін өзгерту де оңайырақ болмақ.

 

БАЛАНЫҢ СЕЗІМІ мен ЖЕКЕ ҚАЛАУЫН ТҮСІНІП, ҚАБЫЛДАҢЫЗ

- Петерсон мырзаны жек көремін! Ол барып тұрған жексұрын!

- Сен мұғаліміңе құрметсіздік танытып тұрсың!

+++

- Ол мені сыйламайды. Маған себепсіз айқайлай береді.

- Бәлкім, сен әлденені дұрыс жасамаған боларсың. Әйтпесе, ол саған бостан-бос ұрыспас еді.

+++

- Мен тек бір жапырақ қағаз сұрағанмын.

- Сенің қағазың болмап па еді?

+++

- Сабаққа дайындықсыз келгенде, мұғалімнен не күтіп едің? Үйден шығар алдында сөмкеңдегі заттарыңның барлығын тексер, деп мен саған бірнеше рет ескерткенмін.

+++

- Егер сен ендігәрі бәрін алдын ала ойластырсаң, бұл жағдай енді қайталанбайды.

+++

- Мені қоя берші!

- Дөрекі сөйлеме!

* * *

Ата-аналардың сұрақтары:

Егер бала өзін не мазалайтынын айтудан бас тартса, не істеу керек?

Ішкі сезімдерін ешкімге айтқысы келмейтін кездер ересектерде де болады. Қазіргі сәтте не болмаса мүлде айтқысы келмеуі мүмкін. Ал кейбіреулер бәрін өз бетінше түсінуді жөн көреді. Балалар да дәл солай. Олар өз сезімдерін өздерінше түсінгісі келгенде, бәрі түсінікті бола бастайды. Тіпті «Бүгін жағмсыз нәрсе болған сияқты?» деген ең жанашыр түрдегі сұраққа жауап ретінде бала бұрылып, бөлмесіне кетуі ықтимал. Мұндай жағдайда, сіз, ол қаласа болғаны, әрқашан көмектесуге дайын екеніңізді түсіндіруіңіз керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 88 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: