22:08 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
ТӘЖІРИБЕҢІЗДЕ МЫНАДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРА АЛМАСАҢЫЗ ДА, ҚИЯЛЫҢЫЗҒА ЕРІК БЕРІП КӨРІҢІЗШІ... - Сабақ екі минуттан кейін басталады! - Білемін. Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын. - Сенің бүгін арқанмен өрмелегің келмегенін түсіндім. Сен басқа нәрсемен айналысқың келді емес пе? - Соңғы рет мен аяғымды жерден көтере де алмағанмын. - Иә, сенің рухың мүлде түсіп кеткен болар. Арқанмен өрмелеу оңай емес. бұлшық еттерді шынықтыру үшін көп жаттығу жасау керек. - Мен ешқашан үйрене алмаймын... Тоқсанның соңында ғана үйрене алатын шығармын. - Қазір тоқсанның соңы болғанда, сен жоғарыға өрмелей алар едің! Оқушының қалауын өз қиялымен астастырсақ, онда оған жалқаулықпен күресу оңайға түседі.
БАЛА СЕЗІМІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ КЕРЕК... - Холли, бұл жақсы емес! - Бұл менікі! - Жоқ, менікі! - Қылқаламды бер, Мей Ли! - Ричард, тоқтат дереу! - Мен кеше сізге ескерткенмін! Орныңнан атып тұруға болмайды! Ересектер баланың көңіл-күйімен, сезімімен санаспаса немесе мүлде қаперге алмаса, ондай жағдайда бала тәртібін өзгертіп, түзетем дей қою тығырыққа тіреуі әбден мүмкін... * * * Ата-аналардың сұрақтары: Соңғы кездері ұлым үнемі үйде жүргенде, саясаттану мұғалімін сырттай сөгіп алады. «Ол оқушыларды күн сайын газет оқуға мәжбүрлейді! Апта сайын бізде пікірталас пен бақылау болады. Ешкім бізді М. мырзадай көп тапсырма орындауға мәжбүр етпейді!» дейді. Мен не жауап айтарымды білмеймін. Кейде ұлымды аяп кетемін. Сіз ұлыңызға аяушылық сезіммен емес, оны түсініп, наразылығына қолдау көрсетуіңіз қажет. Мына сөйлемдерді пайдаланып көріңіз: «Мұғаліміңнің талапшылдығын ескерер болсақ, М. мырза өз пәніне өте салмақты қарайды». «Сен шынымен қатты қиналып кеткен сияқтысың!» «Егер сен мұғалім болғаныңда, апта сайын оқушыларға демалыс ұйымдастырар едің...» «М. мырза – қатал әрі талапшыл мұғалім. Оның жоғары талаптарына сай болу емес шығар...» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |