23:24 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
СЕБЕП ПЕН ТҮСІНДІРМЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА... - дереу киінетін бөлмеге бар! - Мен.. - Сен бос отырсың. Ештеңе жасап та жатқан жоқсың. Киіміңді ауыстыр. Бүгін біз арқанмен өрлейміз. - Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын. - Біз арқанмен өрмелейтін күні сенде сылтау табыла қалады. Егер жаттықпасаң, қалай үйренесің? - Бұл жер сондай ыстық... - Ешкім ыстықтаған жоқ. Сондықтан дереу киіміңді ауыстыр. Әйтпесе кеш болады! - Мен ауруып тұрмын... Егер оқушы мұғалімнің дұрыс әрекеттеріне немесе сөздеріне құлақ аспаса әрине қытығына тие бастайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? Жаттыққысы келмеген балаға жалқаулығын жеңуге көмектесер жол бар ма?
ТӘЖІРИБЕҢІЗДЕ МЫНАДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРА АЛМАСАҢЫЗ ДА, ҚИЯЛЫҢЫЗҒА ЕРІК БЕРІП КӨРІҢІЗШІ... - Сабақ екі минуттан кейін басталады! - Білемін. Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын... - Сенің бүгін арқанмен өрмелегің келмегенін түсіндім. Сен басқа нәрсемен айналысқың келеді емес пе? - Соңғы рет мен аяғымды жерден көтере де алмағанмын. - Иә, сенің рухың мүлде түсіп кеткен болар. Арқанмен өрмелеу оңай емес. бұлшық еттерді шынықтыру үшін көп жаттығу жасау керек. - Мен ешқашан үйрене алмаймын... Тоқсанның соңында ғана үйрене алатын шығармын... - Қазір тоқсанның соңы болғанда, сен жоғарыға өрмелей алар едің! - Иә... Керемет! Менің киім ауыстырғаным жөн болар. Оқушының қалауын өз қиялымен астастырсақ, онда оған жалқаулықпен күресуге оңайға түседі. * * * Ата-аналардың сұрақтары: Балаға ақыл айтудың мүлде қажеті жоқ деп ойлайсыз ба? Бала өзіңізді тыңдап болғаннан кейін оған мынадай сұрақтарды қоя аласыз: «Мынаған қалай қарайсың?» «Сен қалай ойлайсың, бұл көмектесе ме?..» «Мынаны жасамау керек пе еді?..» «Егер мына нәрсе жасалғанда не болар еді?..». Балаңызға өз ұсыныстарыңызды қабылдауға, қабылдамауға немесе талдауға мүмкіндік беріңіз. Осы тәсіл арқылы балаңызды сіздің ойларыңыз бен айтып отырған кеңесіңізге зеректікпен, алғырлықпен қарауға қалыптастырасыз әрі үйретесіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |