15:34
Бабадан қалған асыл сөз

МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ

Бірлігі бар елдің

Белін ешкім сындырмас.

* * *

Игілік басы – ынтымақ,

Ынтымақты елде күншуақ.

* * *

Ауылың ала болса,

Ат ойнақтың астында қаласың.

* * *

Жақынымен жауласқан

Жатқа мазақ болар.

* * *

Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

* * *

Көп ауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылар.

* * *

Көппен біткен іс мәнді,

Көппен ішкен ас дәмді.

* * *

Тау – тасымен,

Көп басымен мықты.

* * *

Аз қадірін білмеген,

Көп қадірін қайдан білсін.

* * *

Айырылма, жұртым, үйіріңнен,

Айырылсаң, жұртым, үйіріңнен –

Екі қолың кетпес бүйіріңнен.

* * *

Ынтымақ – елдің ырысы,

Ылғал – жердің ырысы.

* * *

Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз кірпіш қорған болмас.

* * *

Елде болса, ерінге тиеді,

Ауылда болса, ауызға тиеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 158 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: