20:20 Бабадан қалған асыл сөз | |
МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ Ел қалаған ұл-қыздар, Ел көгінде жұлдыздар. * * * Жақсылық қылсаң халыққа, Бір қайырымын аларсың. Жамандық қылсаң халыққа, Жапанда жалғыз қаларсың. * * * Елді тастап, шетке кетпе, Шетке кетсең де, көпке кетпе. * * * Халықтан – қайырымдылықты, Қариядан байымдылықты үйрен. * * * Өнерлі елдің оты сөнбес. * * * Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш – орман. * * * Ауыл болсаң, қауым бол. * * * Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. * * * Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ белге асырар. * * * Көп ел – сарқылмас көл. * * * Ынтымақсыз елді – ұрысы билейді, Ынтымақты елді – дұрысы билейді. * * * Тату елдің тамағы таусылмайды. * * * Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың. * * * Жер – ырыстың кіндігі. * * * Ер жақсысы елін сағынар, Ат жақсысы атын сағынар. * * * Жер тоймай – ел тоймайды. * * * Жері азған елде тоқшылық болмайды, Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |