18:59 Бабадан қалған асыл сөз | |
МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ Бірлік түбі – тірлік. * * * Татулыққа не жетсін, Тәуекелден не кетсін! * * * Ынтымақ – орман, Жау ала алмас қорған. * * * Ынтымақты елге ешкім жетпес, Ынтымақсыз елдің өкініші кетпес. * * * Отаны бар адам – зор, Отансыз адам – қор. * * * Отан қадіріне жетпеген Өз қадіріне де жетпейді. * * * Ерінен айырылған, көмгенше жылайды, Жерінен айырылған, өлгенше жылайды. * * * Шекараң берік болмай, Басыңда ерік болмайды. * * * Жауды басындырма, Жақынды ашындырма. * * * Елі еріксіз болса, Ері көріксіз болады. * * * Ер ерлігін істесе, Ел елдігін істейді. * * * Ердің ерлігін білмеген, Елдің елдігін білмейді. * * * Елін сатып – асаған, Екі күн ғана жасаған. * * * Өз халқыңды өз ете алсаң, Өзге елге құл болмайсың. * * * Қатардан ассаң да, Халықтан аспақ жоқ. * * * Тозар елдің жанжалы бітпес, Озар елдің арманы бітпес. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |