13:51 Бабадан қалған асыл сөз | |
ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН! МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ (1923 – 2017) Қазақтың көрнекті ақыны, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Ел аузындағы аңыз-ертегілерді тере жүріп, жаңғырта жырлаған. Ол сондай-ақ халқымыздың мақал-мәтел, нақыл сөздерін жинаушы, зерттеуші ретінде де танымал. Мұзафар Әлімбаев – жыр-бәйгесінде өзіндік орны бар дара ақын. Өз ғұмырында балалар ақыны ретінде тынымсыз еңбек еткен. * * * Ел зердесіне көшкен елеулі сөз. * * * Жаңғырығы жоқ сөздің жақсылығы шамалы. * * * Жер күтпеген ерден түңіл, Ер күтпеген елден түңіл. * * * Ана тілі Ананың құнар сүті ғой, Ғұмыр бойы сен еметін. Ана тілі Халқыңның ырыс-құты ғой, Игілігіңе кенелетін. * * * Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер. * * * Елге пайдасы жоқ елгезектік. * * * Ерден ердің артықтығы – білігі, Елден елдің артықтығы – бірлігі. * * * Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады. * * * Елдің қамын ойлаған ерте есейер. * * * Ұлтын ілгің келсе – ғұрпын біл. * * * Отанын ойлаған орта жолда қалмас. * * * Туын жықпайтын – бүтін ел, Туы жығылған түтілер. * * * Еркіндік туы – елдік. * * * Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. * * * Үлкен елдің баласына Ұсақ болу жараспас. * * * Елден жинауды үйренсең, Елге сыйлауды да үйрен. * * * Қандастықтан жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |