13:46
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ (1940 ж.т.)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы. Ғалым. Іле Алатауы баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Хатшысы болды. 1984 жылы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас преьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасты.

2010 жылы 15 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебеі берілді.

* * *

Ұлттың ұлы бақыты – Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты!

* * *

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

* * *

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет.

* * *

Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.

* * *

Қазақ елі – ежелден еркіндік аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тәуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ, өзіміз шешетін боламыз.

* * *

Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек, оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп жаруға келмейтін ортақ қазына.

* * *

Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

* * *

Өз ұлтын сүю, шын мәнінде нағыз қазақ болу – өзге ұлт өкілдеріне астамшылықпен қарау.

* * *

Мемлекеттігіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.

* * *

Қазақ та енді үлкен ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек.

* * *

Абылай – құдіретті хан. Қазақ халқының мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі осынау даңқты есіммен тығыз байланысты. Ардақты бабамыздың аңсаған үш арманы – тыныштық, кәсіп, тәуелсіздік еді. Бүгінгі күні осы мақсаттар орындалып, ел еңсесі көтеріліп келеді.

* * *

Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі.

* * *

Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.

* * *

Жер астындағы байлық – бір біздің ғана емес, бүкіл келер ұрпақтардың ортақ несібесі.

* * *

Өзгенің есебінен жақсы көрініп – жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.

* * *

Халқына шындап жаны ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді.

* * *

Ұлт өзінің мемлекетінсіз – ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

* * *

Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы.

Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.

* * *

Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын.

* * *

Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын – елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елін аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.

* * *

Дауы таусылмайтын елдің – жауы да таусылмайды.

* * *

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

* * *

Саясат безбеншісі – ел.

Ауылдың амандығы – ел амандығы.

* * *

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.

* * *

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!

* * *

Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

* * *

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

* * *

Иә, мен біздіңкең-байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен әзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен-жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.

* * *

Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.

* * *

Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады.

* * *

Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде уөрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: