21:25 Бабадан қалған асыл сөз | |
ТАРИХТЫ ТЫҢДАУ – ҰЛЫ ҒИБРАТ ҚОЖА АХМЕТ ЙАССАУИ (1093-1166 ж.ж.) ХІІ ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. Халқымыздың байырғы мәдениеті тарихындағы айрықша тұлға, сопылық поэзияның негізін салған кемеңгер ақын, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткер. Түркі тілінде жазылған ХІІ ғ. әйгілі әдеби дәдігер «Диуани Хикметтің» авторы. Өкінішке қарай, бұл туындының түпнұсқасы сақталмаған, біздің заманымызға дейін жеткені XV-XVI ғ.ғ. көшірмесі ғана. Қожа ахмет Йассауи 63 жасында: «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ» деп, қалған өмірін қылуетте, яғни жер астында өткізген. Бізге жеткен бірегей шығармасы «Диуани Хикметте» қазақ халқының ертедегі тарихына, мәдениеті мен экономикасына қатысты құнды деректер бар. Бұл шығарма алғаш рет жеке кітап ретінде 1878 жылы басылып шықты. Тарихи деректер бойынша, XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір Түркістанда жерленген Қожа Ахмет Йассауи әзіретінің басына күмбез орнаттырған. Бүгінде бұл кесене дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. * * * Пасық сөзден тұла бойға бойға шаншылар мұң. * * * Өсіп-өну абат үшін. * * * Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ. * * * Көңілің тойсын қанағатқа. * * * Бейнеттен қашпа. * * * Қиын да болса, түзу жолмен жүр. * * * Тақуа болма, тентек болма – ғашық бол. * * * Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер. * * * Тәубесі жоқтың – көңілі арам. * * * Тәубесі бардың – нұры бар. * * * Жаны сергектің – тәні сергек. * * * Өткендердің ғибрат ісін ал ойға. * * * Тәкаппар тозақта күйеді. * * * Білімнен бейхабарлар Алланы да білмейді. * * * Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып, мәнсіз біреулерді жер-көккке сыйғызбай мақтайды. * * * Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді. * * * Жетім, пақыр, ғаріпті жебей жүргейсің: бұл пайғамбарымыздың өнегесі. * * * Ақ ниетімен ақ-адал дәмін ұсынғандарға ақ пейілді бол. * * * Асылдарды әрқашан жадыңда ұста. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |