14:58 Бабадан қалған асыл сөз | |
ТАРИХТЫ ТЫҢДАУ – ҰЛЫ ҒИБРАТ МАХМҰД ҚАШҚАРИ (1029-1101 ж.ж.) Толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақстан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда қызмет еткен. Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұңғыш филологы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ұлы ғалым. Әйгілі «Диуани лұғат-ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінің авторы. 8 кітаптан тұратын осынау еңбекте 6800-дей түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. «Диуани лұғат-ат-түрік» ерте орта ғасырдағы түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Данышпан ғалымның сондай-ақ ең ежелгі түркі картасы деп танылған, Дөңгелек картасы да белгілі. Онда түркі халықтарының таралым аймағы көрсетілген. ЮНЕСКО ұйымының ұйғарымымен 2008 жыл «Махмұд Қашқари жылы» деп жарияланған болатын. Ел – қалар, әдет – қалмас. * * * Жер бастырығы – тау, ел бастырығы – бек. * * * Бақыттың белгісі – білім. * * * Ер жігітті қорлама. * * * Әдептің басы – тіл. * * * Үлкенмен керіспес болар. * * * Ақылды сөз – алтын табаққа жеткізер. * * * Сөз ұғындырылса – ой білінер. * * * Бар – бақыр, жоқ – алтын. * * * Ауыр күн де өтеді – оған сабыр-шыдам қыл. * * * Ұран көтерілсе – ру жиылар, Жау келсе – жамағат жиылар. * * * Дос адам маңайыңды жұмақ етер. * * * Күндестердің күлі де – күндес. * * * Жақсы адамның сүйегі қурағанмен – аты қалар. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |