08:48 Бабадан қалған асыл сөз | |
ТАРИХТЫ ТЫҢДАУ – ҰЛЫ ҒИБРАТ ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (шамамен 1017/1021-1075 ж.ж.) Толық аты Жүсіп Хас-Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. ХІ ғ. 70-ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған дарынды ақын, данышпан-ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» («Құтадғу білік») дастаны әлемдік әдебиет тарихындағы мәңгілік өшпес бірден-бір әдеби мұра болып табылады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи және қоңғамдық-саяси өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен, ғылымы мен әдебиетінен, мәдени деңгейінен, әдет-ғұрпы мен наным-сенімінен мағлұмат беретін бірегей туынды. «Құтты білік» дастанының біздің заманымызға дейін үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай-ақ толғамы терең өзге де рубаилары белгілі. Халық бүлінсе – саясат түзейді, Халық тарықса – үкімет жұтайды. * * * Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. * * * Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе – жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме. * * * Қылыш қан төксе – иесі ел билейді. * * * Бек қызыққа құмар болса – қалған елдің күні қараң. * * * Сараң бек ел билей алмайды. * * * Елшісі епсіз басшының бағы жанбас. * * * Тіл – елшінің қылышы. * * * Ақылсыз адам – мәуесіз ағаш секілді. * * * Көңіліне қарай – дос таңда, күшіне қарай – жүк таңда. * * * Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле-өлгенше соны таныр қиядан. * * * Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. * * * Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек. * * * Ұлық болсаң – кішік бол. * * * Қылыш – ел шауып, қазына құрайды, Қалам – қазына тауып, қайыр сұрайды. * * * Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар. * * * Халықтың хақы әкімде. * * * Халық бүлінсе, саясат оны түзейді. * * * Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады. * * * Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді. * * * Қылыш елді күзейді, Қалам елді түзейді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |