16:45 Бабадан қалған асыл сөз | |
КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ӨСИЕТ ТОНЫКӨК (646-741 ж.ж.) «Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек батырлығымен белгілі болған. Оғыз тайпасынан шыққан кемеңгер тұлға Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтеруге ат салысқан. Түркі жұртының ерлігі мен елдігін тасқа қашап, ұрпағына өшпес мұра қалдырған Тоныкөк: «Бүкіл түркі жұртына қарулы эау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» деп қолтаңба қалдырған. Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады. * * * Жауыңды – басындырма, халқыңды – ашындырма. * * * Күші толып, кемеліне келмесе ел, Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер. * * * Қағансыз ел – кіріптар. * * * Пәтуасыз ер – елге сор. * * * Ел қамын жеген ер – басшы. * * * Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі елім үшін! * * * Пәтуасыз табылса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |