22:24 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІ 1. Дене шынықтыру Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәреже қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Дене қозғалысының көптігі – ағзадағы зат алмасу процесін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Спорт пен қарапайым физикалық жаттығулар адамдардың когнитивтік мүмкіндіктерін жақсартады. Америкалық Ұлттық институттың ғалымдары физикалық жаттығулар ми жасушаларына қалай әсер ететінін анықтады. Физикалық жаттығулардың есте сақтау қабілеті мен жалпы мидың жұмысын жақсартатыны баршаға аян. Алайда бұл немен байланысты екені жуырда ғана анықталды. Биологтар спортпен белсенді түрде шұғылданғанда ми жасушаларының өсуіне септесетін катепсин В деп аталатын ақуыздың шамадан көп бөлінуімен байланысты не болатынын анықтады. Зертханалық зерттеуде кемірушілер пайдаланылды. Тышқандарды екі топқа бөлді. Бірінші топтағы тышқандарда бұл ақуыздар қалыпты түрде қалыптасты, ал екіншіде бұл мүмкіндікке тосқауыл қойды. Кейін кемірушілерді бассейннен платформаға жол табуы бойынша тексерді. Нәтижесінде, алғашқы топтағы тышқандар бұл тапсырманы кедергісіз орындады, ал екінші топта қиындықтар туындады. Ғалымдар жүгіретін адамдардың есте сақтау қабілеті жақсырақ болады деген тоқтамға келді. Сондықтан бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды – күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз. Сондай-ақ, канадалық мамандар спорт адам миының саулығына, жалпы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер ететіндігін айтуда. ванкувердің ғылыми қызметкерлері физикалық жұмыстың миға әсер ететінін іс жүзінде дәлелдеді. Экспериментке 70-80 жас аралығындағы 90 адам қатысқан. Бұл адамдардың барлығы да есте сақтау қабілетінің нашар екеніне шағым айтушылар болған. Тест жүргізілмес бұрын адамдар мидың гиппокампасының (мидың есте сақтау үшін жауап беретін бөлігі) көлемін белгілейтін магнитті-резонанстық томографияға түскен. Бұдан кейін физикалық белсенділікті арттыру мақсатында жарты жыл бойы аптасына екі рет спорт жаттығуларын жасаған. Жаттығу уақыты 1 сағаттан кем болмаған. Барлық қатысушылар иілу, аэробика, күшті арттыруға бағытталған жаттығулар жасап, 3 топқа бөлінген. Нәтижесінде аэробикамен айналысқан адамдардың басқа топ мүшелерімен салыстырғанда гиппокампасының үлкейгенін байқаған. Сондықтан ғалымдар есте сақтау қабілеті нашарлаған адамдарға спортпен айналысуға кеңес береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
