23:32
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

12. Қайталаңыз

Оқыған материалды қайталап отыру керек. Жаттап алу емес, тап осы қайталау әдісі есті жаңартады. «Қайталау – білімнің анасы» демеуші ме еді! Қабылдаған ақпаратты күн сайын, мысалы, 5 күн бойы қайталаңыз. Бұл ақпарат ұзақ мезімді есте сақталатын болады және сіз оны керек кезінде сол жерден оңай ала алатын боласыз.

 

13. Жалқауланбаңыз

Егер сіз жалқау болсаңыз, ешқашан бір нәрсені есте сақтауға қол жеткізе алмайсыз. Жалқаулық – бұл ақылдың тоты. Оның сіздің есіңіздің басқаруына жол бермеңіз. Диванның бостан-босқа жата тұруға азғыруына қарсы тұрып, қолыңызға кітап, Құран алып оқыңыз немесе шахмат ойнаңыз. Бұл миды жұмыс істеткізіп, есте сақтау қабілетін жақсартады және сіз де физикалық түрде демаласыз. Ал егер сізге бір нәрсені есте сақтау керек болса, онда тезірек барлық ресурстарды қосыңыз.

 

14. бірнеше шет тілін меңгеріңіз

Шет тілдерін меңгерудің есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететіні бұрыннан белгілі. Және бұл өте қызықты! Ендеше, неге бұны пайдаланбасқа?!

Бұл есте сақтаудың тиімді әдістері. Бірақ тағы бір қызықты нәрсе бар. есте сақтау қабілеті мидың дұрыс және жақсы жұмыс істеуімен тығыз байланысты. Демек, оның жұмысын ынталандыру есте сақтау қабілетін жақсарта алады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: