20:38
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

9. Күні бойы не істегеніңізді есіңізде сақтаңыз

Түнде ұйықтауға жатпастан бұрын күні бойы не істегеніңізді, кейбір жағдайларды жақсарту үшін не істемек болғаныңызды еске түсіріп, барлық ұсақ-түйек детальдарды ой елегінен өткізіп көріңіз. Сосын күні бойы не істегеніңізді қазіргі сәттен бастап таңертең оянғанға дейінгі уақытты еске түсіріңіз. Шындығында, бұл оңай болмайды. Сонда да өзіңізге «Мен бүгін қандай тиімді шешім қабылдадым? Қандай дұрыс әрекет жасадым?» деп сұрақ қойып, өзіңізді есепке тартуға тырысыңыз. Ғалымдардың айтуынша, үнемі өзін-өзі есепке тартып жүретін адамдардың ойы жинақы, есте сақтау қабілеті орынды болады.

 

10. Көбірек кітап оқыңыз!

Бос уақытты қызықты әрі пайдалы кітап оқығаннан артық не болуы мүмкін? Кітап оқи отырып, ми кітаптағы детальдарды есте сақтауға күш салып, соған тырысады. Сонымен қатар, сі қиялды қосып, оқығанның бәрін елестете бастайсыз. Бұл миды тамаша жаттықтырады.

 

11. Ақпаратты жаттап алуға тырыспаңыз!

Есіңізде ме, мектепте / университетте жақсы баға алу үшін қажетті ақпаратты жаттап алатын едік. Бұл туралы ұмытыңыз. Бұл әдіс есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеспейді. Ойланбастан жаттап алу тиімсіз. Ол миды шаршатады және қабылдаған ақпаратқа әсерленуді тез тоқтатады. Одан да оқыған ақпарат туралы ойлаңыз. Сізге тек оқып қана қоймай, сонымен бірге оқығаныңызды түсіну керек. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: