22:33 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 6. Релаксация Намаз, медитация, Құран оқу секілді дүниелер зейінді бір арнаға жинақтауға әсер етеді. Яғни, есте сақтау қабілетті дамытады. Сондықтан осы әдістерге жиі жүгінген жөн. Әсіресе, намаз бен Құран ойды тынықтырып, жүректі тыныштандырады. Ал ойдың тынықтығы есте сақтау қабілетін жақсартады.
7. Жаяу жүру Зерттеулер бойынша 30-50 минут жаяу серуендеу миға қан ағынын 15% арттыратыны дәлелденді. Қан ағынын үнемі ынталандыру мидың жұмысын жақсартады, атап айтқанда, ес пен зейіннің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа қан миды метаболикалық «қалдықтардан», мысалы, бета-амилоидты ақуыздан тазартады. Бұл ақуыз, бұрын дәлелденгендей, альцгеймер ауруын дамытады.
8. Арифметикамен айналысыңыз Қолыңыз бос кезде және бір нәрсе үшін ұзын-сонар кезекте тұрғанда қарапайым арифметикалық есептерді шешуге кірісіңіз. Мәселен, сол жердегі қызыл орындықтардың аяқ санын терезедегі гүл өсіретін құмыралардың санына көбейтіңіз. Немесе сандардың қосылыстарын өтіп бара жатқан автомобильдер санына есептеңіз. Мұндай тәжірибе жадыны керемет жаттықтырады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
