16:52 Ғажайып ми | |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулардың пайдасы шаш-етектен дер едік. Ендеше, есте сақтау жаттығуын бастайық. Бірнеше аптадан кейін немесе бірнеше күн өткен соң сіз керемет есте сақтау қабілетңізбен мақтана аласыз. Сондай-ақ Абай атамыз өзінің 31-қарасөзінде естіген нәрсені ұмытпаудың төрт түрлі себебін көрсетеді: «Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ойға кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бі нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бөл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер». Демек, есімде тез әрі ұзақ сақталсын десеңіз, ықылас-ниетті түзеп, тұшынуыңыз, жүрегіңізден өткізіп, сезінуіңіз керек. Енді «Феноменальды есті» дамытуға арналған қарапайым жаттығуларға тоқталайық:
1. Есте сақтау процесін жетілдіріңіз Бір нәрсені есте сақтау кезінде оны өз өміріңізбен параллельді түрде байланыстыратын іс-әрекет жасаңыз. Айта кетейік, неғұрлым көп ассоциация жасасаңыз, қалаған нәрсені есте сақтау мүмкіндігіңіз соғұрлым көбірек болады.
2. Өзіңіз еске түсіруге тырысыңыз Кейде серіктесіңіздің телефонын немесе маңызды кездесуді өткізген адамның аты-жөнін және т.б. ұмытып кететін кездер болады. Сондай кезде қажетті ақпаратты оқу үшін блокнотты ашуға асықпаңыз, оқыңыз. Бұл ақпарат «сіздің миыңыздың сөресінде» жатыр, тек оны табу керек. Сондықтан өзіңіз еске түсіруге тырысыңыз. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
