18:00
Ғажайып ми

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Мен бір нәрсені ұмыттым, бірақ нені? Әй, осы мен бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтымын, бірақ нені ұмыттым екен?» Таныс жағдай ма? Сіз бұл сөйлемді қаншалықты жиі айтасыз? Шын мәнінде, сол ұмытқан «бір нәрсе» сіздің өміріңізде өте маңызды нәрсе болуы мүмкін ғой. Сондықтан есте сақтау қабілетіңізге көңіл аударыңыз. Көптеген адамдар ерте ме, кеш пе есте сақтау қабілетінің нашарлауына тап болады. Оның үстіне техниканың қарыштап дамуы әсерінен адамзаттың өмірі әлдеқайда жеңілдей түсті. Бірақ бұл пайдалы дүние өзімен бірге зиянын да ала келді. Себебі бүгінде біздің біраз жұмысымызды жасанды сана атқарып жүр. Ғалымдардың айтуынша, жасанды сана әсерінен соңғы жылдары адамдардың есте сақтау қабілеті күрт нашарлаған. Өйткені енді таңертең жұмысқа кешігемін деп уайымдамайсың – оятқыш бар, досыңның туған күнін есте сақтамайсың – әлеуметтік желі бар, кездесу уақытын ұмытпайсың – еске салғыш бар, таныстарыңның телефон нөмірлерін жаттамайсың – бұл да шешілген мәселе, тағысын тағы. ал енді осындай оңай әрі қиын заманда мидың жұмысын қалай ретке келтіреміз? есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек?

Негізі, барлық адам айналасындағылардың бәрін есте сақтауға қабілетті. Ол танысқан жаңа адамдар, олардың аты-жөні, туған күні т.б. болуы мүмкін. Біз кейде басқалардың: «Оның есте сақтау қабілеті маған қарағанда өте жақсы, сол үшін жолы болды!» - дегенін жиі естіп жатамыз. Бұл сөздер кейбір адамдарда қызығушылық тудырса, кейбіреулерде «Неге менің есте сақтау қабілетім жақсы емес екен?» деген қызғаныш тудырып жатады. Бұған бола, меселіңіз қайтып, салыңыз суға кетпесін.

Ғалымдар белгілі бір жұмыс және тиянақты, жоспарлы өмір сүру миды ынталандыруа, оны өнімді етуге көмектеседі деп дәлелдеді. Жақсы ұйқы, дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділік мидың дұрыс жұмыс істеуіне жақсы әсер етеді екен. Сонымен қатар, жақсы есте сақтау үшін оны жаттықтыру керек. Цицерон кезінде: «Егер сіз жаттығу жасамасаңыз, есте сақтау қабілеті әлсірейді», - деген. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: