23:30
Ғажайып ми

БІЗДІҢ МИЫМЫЗ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ЕСТЕ САҚТАЙДЫ?

4. Ұйқының кемшілігі оқуға кері әсер етеді

Ұйқы туралы мәліметтің жеткіліксіздігі және оның маңыздылығын бағаламау ми қатпарларымыздың «иілгіштігіне» жағымсыз әсер етеді. Ғылым әлі де демалудың барлық емдік қызметтерін бөлшектеп сипаттай алмады, бірақ оның жетіспеушілігі неге әкеліп соқтыратынын анық көрсетеді. Ұйқының кемшілігі бастың қызметін төмендетуге, шаблондық схемалар бойынша тәуекелсіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сонымен қатар ағзаның барлық «тетіктерінің» шаршағандығынан физикалық бұзылудың болуының мүмкіншілігі көбірек болады.

Оқуға келетін болсақ, ұйқының кемшілігі мидың жаңа ақпаратты қабылдау қабілеттілігін 40% қысқартады. Сондықтан өзіңді түні бойы ПӘК (пайдалы әрекеттері коэффициенті) төмендігімен қинаудың қажеттілігі жоқ, одан да дем алып және тынығып ояну керек.

Гарвард медициналық мектебінің ерттеулерінің нәтижелері қызықты цифрларды құрайды: жаңа бірдеңені меңгерген соң алғашқы 30 сағатта ұйқыны шектеу, егер де осыдан кейін бір тәуліктен көбірек ұйықтасаңыз да барлық жетістіктерді жоққа шығарады.

Оқу оқыған кезде ұйқының мерзімі мен көлемін нормаға келтіріңіз. Сіз сонда зейіндірек боласыз және есте сақтау сәтсіздігінен құтыла аласыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: