22:52 Ғажайып ми | |
ФИЗИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ МИҒА ПАЙДАСЫ Ақылды болу кітап оқумен шектелмейді. Спортзалға жаттығудың, дұрыс тамақтанудың IQ-ді арттыруда рөлі зор. Білім әрине керек, алайда білімнің миға дайындықтан өткеннен кейін келіп түскені абзал. Апта сайын 150 минуттық қозғалыс жасап тұрыңыз. Есіңізде болсын, мидың белсенділігіне дәстүрлі дене белсенділігі де әсер етеді. Артур Крамердің басшылығымен АҚШ-тың Иллинойс университетінің зерттеушілері аптасына 150 минуттық (немесе 75 минуттық физикалық белсенділік) орташа гимнастиканың, сонымен қатар күнделікті кем дегенде 500 метр қашықтықта жүру адамның ми қыртысының фронтальды және париетальды аймағында ұлғайтатынын анықтады. Олар жадтың жұмысына, назар аударуға және бір тапсырмадан екіншісіне ауысуға жауап береді. Зерттеуге сүйенсек, күн сайын жасалатын жаттығудың пайдасы денеге ғана әсер етпейді. Одан жады мен жылдам шешім қабылдау қабілеті де жақсара түседі. Бәрі оңай. Миға баратын қан айналымы күшейіп, оның жұмысына оң ықпалын тигізеді. 30 минуттық каржиожаттығудың (жүгіру, жүзу) өзінен ми оттегі мен глюкозаны алады. Мидың тиімді жұмысын істеуін арттыру үшін қажетті дәруменмен (витамин) қамтамасыз етеді. Миға қанның дұрыс келуіне ықпал етеді. Жүгіру, билеу, секіру немесе жүзу барысында қан дұрыс айналады. Сонымен қатар, қимылдаған әрбір бұлшық ет адамды қуанышқа бөлейтін серотонин, дофамин және эндорфин сияқты гормондарды миға жеткізеді. Бұл гормондар сергектік сыйлап қана қоймай, жадыға да әсер етеді. Мидың қажетті бөлігінде жаңа жасуша (клетка) құрады. Бұрыннан бар нейрондар арасында қосымша байланыс орнатады. Жаңа материалды игеру жылдамдығын арттырып, сапасын жақсартады. Осылайша, глюкоза мен оттегінің қоспасынан жасалған гормоналды коктейль бізді ақылдырақ етеді. Не істеу керек? Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай күн сайын жасайтын жаттығуды таңдап алыңыз. Олар жүректің жиірек соғуына ықпал етуі тиіс. Ең дұрысы, спортзалға жазылыңыз. Оған мүмкіндігіңіз жоқ па? Ендеше, арзан әрі оңай жол бар. үйіңізге секіргіш әкеліңіз. Көшеде жылдамырақ жүріңіз. Жүрегіңіз қаттырақ соғатындай, аздап ентігетіндей қимылмен жүріңіз. Велосипед сатып алыңыз. Баспалдақпен жүгіріңіз. Ең болмаса, үй шаруасын жылдам жасап шығыңыз. Осының өзі жақсы жаттығу болады. Есіңізде болсын! Денені босқа шаршатпаңыз. Осы жаттығудан өзіңіз рахат алуыңыз керек. Әйтпесе оны тастап кетуіңіз ғажап емес. Өзіңізге эстетикалық ләззат сыйлайтын қозғалыс түрін табу керек. Жаттығу жасауға ынтаңыз артқан сайын, нәтижесі де тиімді болмақ. Қимыл барысында аққан терден хаттығуды қанша уақыт жасағаныңызды анықтауға болады. Сіз терлеген сайын, жүрегіңіз бар күшімен жұмыс істейді. Алайда осымен жаттығуды аяқтай салуға болмайды. Жүректі шынықтырыңыз. Осы қарқынмен қимылдай беріңіз. Жаттығуды ұзақ жасаған сайын оның тигізер пайдасы да арта түседі. Бір жаттыққанда 30 минуттан, аптасына үш рет шынығыңыз. Бұл сіздің дене бітіміңізді жақсартып қана қоймай, дұрыс жұмыс істеуге де дағдыландырады. Жаттығуды түрлендіруді де ұмытпаңыз. Жаттығуды қаншалықты көп жасасаңыз, миды соғұрлым ынталандырасыз. Бимен айналсуды, велосипедпен серуендеуді, жүзуді қатар алып жүруге болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
