09:08
Ғажайып ми

ДОРОТЕЯ БРАНД ҰСЫНҒАН МИҒА ПАЙДАЛЫ ТОҒЫЗ ТҮРЛІ ЖАТТЫҒУ

Американдық жазушы Дороти Бранд «Wake up and live» (Оян да өмір сүр) атты кітабында ми қабатының дұрыс әрекет етуіне септігін тигізетін бірнеше жаттығу жұмыстары бар екен. Автордың айтуынша, «Бұл жаттығу қозғалыстары – адам өмірінде қалыптасып қалған түсініксіз ауырпалықты және қажетсіз сезімдерді жеңілдетеді екен». Оқып көріп, өзіне біраз пайдалы мәліметтер алып, кейбір жаттығуларын орындап, пайдасын көріп жүргендер де бар. әсіресе, жұмыс кезінде зейінді шоғырландыруға көп пайдасын тигізіп келеді екен.

Егер сіз де бұл кеңестерге құлақ асып, өмірде жиі әдетке айналдыратын болсаңыз, тәулігіне аз ғана уақытыңызды алады. Есесіне, пайдасы өте көп. Егер қажет деп тапсаңыз, миға жаттығу жасау үлгісі төмендегідей:

  1. Бір сағат бойы мейлінше ешқандай эмоционалды әрекеттерге берілмей, сіздің тарапыңызға жасалынған сауалдарға ғана қысқаша жауап қатып, көп сөйлемей өз ортаңызда қарапайымдылықты сақтап үйреніңіз.
  2. 30 минут бойы тек бір затты ғана ойлап, басқа ешбір дүниелерге алаңдамай бар назарыңызды сол объектіге салыңыз. Алғашында 5 минуттан бастаған жөн.
  3. Өзге адамдармен «Мен», «маған», «менікі» атаулы сөздерін қолданбай, 15 минут бойы әңгіме өрбітіңіз.
  4. Іші адамға толы кез келген ғимарат табалдырығына тоқтай қалып бірер уақыт есіктің өлшемін анықтаңыз. Сол жайында ойлаңыз.
  5. Бірнеше уақыт сұхбаттасып жатқан серігіңіздің тек өзі жайында ғана әңгімелей беруін қадағалаңыз және оны өзіне білдірпеңіз. Содан кейін ғана сыпайы қойылған сұрақтарыңызбен ортақ тақырыпқа көңілін бұрыңыз.
  6. Мақтанбай, арызбанбай және жаныңыздағы кісіні жалықтырып алмай тек өзіңіз жайында ұзақ уқаыт сөз қозғап көріңіз.
  7. Күніне 2 сағатты қатаң тәртіпке құрылған жоспар түзіңіз және оны орындаудан жаңылмаңыз.
  8. Өз жоспарыңызға адам түйсігіне кіріп шықпайтын 12 істі енгізіңіз. Мәселен, үй жанынан аулақ жерді таңдап, 20 км жерді жаяу жүріңіз; 12 сағат бойы тамақтанбауды әдетке йналдырыңыз; аңғы асыңызды орында ішіңіз; бір тәулік бойы үнсіз жүріп үйреніңіз; түні бойы көз ілмей жұмыс істеуге ниеттеніңіз.
  9. Бір күн бойы барлық сауалдарға немесе өтініштерге «иә» деп жауап қатыңыз. (Өз шеңберімен әрине)
  10. Жоғарыда аталған жаттығулар бір түрлі көрінуі мүмкін. Дегенмен адам миының дұрыс жұмыс жасап, қажетсіз негативті сезімдерден арылуына өз әсерін қосады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: