09:25
Ғажайып ми

МИДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Біздің миымыз да бұлшықет сияқты, оны дамыту үшін үнемі жаттықтыру керек. Мидың саулығы, оның дұрыс жұмыс істеуі біздің күнделікті іс-әрекеттерімізге тікелей байланысты. Тек әдеттеріңізді аздап өзгертсеңіз, нәтижесін байқайтын боласыз. Миды дамыту және оның жұмысын жақсарту үшін кейбір дағдылар мен әрекеттерді 30 күн бойы жасап жүрсеңіз, жақсы нәтижесі көп күттірмейді. Олар қандай әрекеттер?

 

9. Қимыл-қозғалыс.

Сізге ұнай ма, жоқ па, кім білсін, алайда физикалық белсенділік ми мен көңіл-күйге айтарлықтай әсер етеді. Зерттеушілердің айтуынша, қимыл-қозғалыс танымдық әрекетті жақсартады. Сондықтан сізге үнайтын қимыл-қозғалыстың бір түрін табыңыз да, сонымен үнемі жаттығынңыз. Мысалы, жаяу жүру сияқты қарапайым аэробикалық жаттығу да жеткілікті. Аптасына үш рет 30-45 минут жылдам жүру миды психикалық шаршаудан қорғайды, эпизодтық жад пен мидың атқарушы функцияларын шамамен 20% жақсартады.

 

10. Түнде уақытылы, дұрыс ұйықтап, күндіз көз шырымын алыңыз.

Иә, ұйқының физикалық және психологиялық стрессті азайтатыны рас. Алайда ұйықтасаң болды, миың тынығады деген қате түсінік. Ұйқының да ұйқысы бар. Түніменен көңіл көтеріп, қонақта болып, күн ұзақ ұйықтайтын адамның миы тынықпақ түгіл шаршап, қажып, ақырында зорығады. Сондықтан уақытылы ұйықтап, ерте жатып, ерте тұрған дұрыс. Сол кезде ми тынығады. Сонымен қатар, сіз ұйықтап жатқанда, ми жаңа ақпаратты өзгертеді. Сондай-ақ күндізгі көз шырымын алудан ми қуат алады. Күндіз аз ғана уақыт ұйықтау жалқаулықтың белгісі емес. Күндізгі ұйқыдан адамның миының зейінінің шоғырлануы, өнімділігі және реакция жылдамдығы жақсаратыны ғылыми дәледенген. Күнделікті күндіз 20 минут ұйықтасаңыз жеткілікті.

 

11. Кейде ештеңе істемей, демалыңыз.

Үздіксіз, тоқтаусыз, демалыссыз жұмыс мидың өнімділігін қатты төмендетіп жібереді. Кейде ештеңе істемей денені бос ұстап жай отыру миды қалпына келтірудің және тап қазіргі уақытқа назар аударудың өте жақсы әдісі болып табылады.

Әлеуметтік желімен байланысыңызды үзіп, жұмыс туралы ойламай уақытты бос өткізіңіз. Ол зейіннің шоғырлануын және шығармашылық ойлауды жақсартады. Сондықтан айлық жоспар жасаған кезде, арасында ештеңе жасамай, уақытты бос өткізуді де жоспарлаңыз.

Жалпы тыныштық миға пайдалы. Тыныштық кезінде ми ақпаратты белсенді түрде игеріп, бағалайды. Нейробиологтардың айтуынша, күніне екі сағаттық тыныштық мидың есте сақтау қабілетін қалыптастыру аймағындағы гиппокамптың жасушаларының дамуын жақсартады.

 

12. Зейінді шоғырландыруға үйретіңіз.

Бұған дұға мен медитация өте жақсы көмектеседі. Зерттеушілердің айтуынша, дұға мен медитация сыртқы сенсорлық сигналдарды қабылдау мен өңдеуге жауап беретін ми аймағында сұр зат мөлшерін арттырады.

Медитация тыныштық және физикалық босаңсу деп түсінілгенімен, ол күн бойына сақталатын танымдық және психологиялық пайда әкеледі деп тұжырымдайды нейрофизиолог Сара Лазар.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: