09:51
Ғажайып ми

МИДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Біздің миымыз да бұлшықет сияқты, оны дамыту үшін үнемі жаттықтыру керек. Мидың саулығы, оның дұрыс жұмыс істеуі біздің күнделікті іс-әрекеттерімізге тікелей байланысты. Тек әдеттеріңізді аздап өзгертсеңіз, нәтижесін байқайтын боласыз. Миды дамыту және оның жұмысын жақсарту үшін кейбір дағдылар мен әрекеттерді 30 күн бойы жасап жүрсеңіз, жақсы нәтижесі көп күттірмейді. Олар қандай әрекеттер?

 

6. Шынымен пайдалы болатын блогтарды оқыңыз.

Егер сіз осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, онда мақсатыңыздың жартысын еңсеріп қалғаныңыз. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаңыз. Желіде жиі-жиі оқып тұруға болатын басқа да пайдалы мәліметтер бар.

 

7. Жеке блог жүргізіп және оқыған нәрселеріңіз жайлы әсеріңізбен бөлісіңіз.

Жеке болг жүргізу шығармашылыққа дем береді. Бұл өзіңіз туралы айтудың мүмкіндігі ғана емес, өз ойларыңызды ұйымдастыруға көмек болады. Егер бір нәрсемен бөліссеңіз, бұл сіздің қарым-қатынас дағдыңызды жақсартады. Болг миыңызды тонуста ұстауға көмектесіп, сізді жасампаз етеді. Қазір әлеуметтік желіде болгер болудың әртүрлі жолы бар. Жаныңызға жақын бір нәрсе туралы жазған кезде, оны жақсырақ түсіне бастайсыз.

Апта сайын немесе ай сайын сол уақытқа дейінгі оқыған ең қызықты ақпараттарыңыздан дайджест (әртүрлі ақпараттардың қысқаша мазмұны) жасаңыз.

 

8. Күнделік жүргізіңіз.

Күнделік жүргізу сізге құндылықтарды бірінші орынға қоюды, нақты ойлауды, жылдам атқарылатын істерге қарағанда, маңызды істерді ойлауға, зейін қоюға көмектеседі. Сонымен қатар күнделік жазу стресстік жағдайлар мен мазасыздықты жеңуге көмектеседі және иммундық жасушалардың белсенділігін арттырады.

Невропатолог джуди Уиллис: «Күнделік жазу мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және алу қабілетін жақсартады», - деп түсіндіреді. Бұл ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін дамытады, ойлау қабілетін байқауға көмектеседі, ойлануға уақыт береді. Дұрыс жүргізілген жағдайда ойдың түсінігінің дамуының қайнар көзі болады және мидың жоғары ақыл-ой функцияларын ынталандырады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: