10:28 Ғажайып ми | |
МИДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ Біздің миымыз да бұлшықет сияқты, оны дамыту үшін үнемі жаттықтыру керек. Мидың саулығы, оның дұрыс жұмыс істеуі біздің күнделікті іс-әрекеттерімізге тікелей байланысты. Тек әдеттеріңізді аздап өзгертсеңіз, нәтижесін байқайтын боласыз. Миды дамыту және оның жұмысын жақсарту үшін кейбір дағдылар мен әрекеттерді 30 күн бойы жасап жүрсеңіз, жақсы нәтижесі көп күттірмейді. Олар қандай әрекеттер?
3. Күнде кітап оқыңыз. Кітап оқу барысында ми өзгереді және дамиды. Осы сөздерді оқып отырған кезде сіздің миыңыз абстрактілі символдардың шифрын табады және күрделі идеялардың нәтижелерін синтездейді. Мұны Жаратушының миға қатысты жасаған теңдессіз шеберлігі деуге болады. Оқу мидың көптеген функцияларын, соның ішінде, көру, есту және фонематикалық қабылдау, түсіну процестерін әрекет еткізеді. Біз қандай да бір нәрсені оқыған кезде, біз сипатталған нәрсені тікелей көрен кездегідей нейрондар белсенді болады. Зерттеушілердің айтуынша, мидың ақпаратты қарау мен тыңдауға қарағанда, оқу кезінде деректерді ойластыруға және өңдеуге, сондай-ақ сипатталған оқиғаларды елестетуге көбірек уақыты бар. Күн сайын оқу арқыы танымдық қабілеттердің жасқа байланысты төмендеуін баяулатуға және мидың саулығын қалыпты сақтауға болады.
4. Миыңызды жаттықтырыңыз. Миға арналған дұрыс жаттығулар ақыл-ой қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары сияқты, миды жатықтыру да зерденің дамуы үшін өте маңызды. Қарапайым жаттығулардан бастап, ақырындап күрделі жаттығуларға көшіңіз.
5. Спортпен айналысыңыз. Миға арналған жаттығулар жеткіліксіз. «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған ғой. Бұл мәтелді «Дені саудың – миы сау» деп аздап өзгертуге де болады. Дене жаттығулары сіздің денеңіз үшін ғана пайдалы емес. Ғылыми көзқарас бойынша, ол қанның миға көбірек баруын және жаңа нейрондық байланыстарды ынталандыратын ақуыздардың шығуын арттырады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
