18:10 Ғажайып ми | |
МИДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ Біздің миымыз да бұлшықет сияқты, оны дамыту үшін үнемі жаттықтыру керек. Мидың саулығы, оның дұрыс жұмыс істеуі біздің күнделікті іс-әрекеттерімізге тікелей байланысты. Тек әдеттеріңізді аздап өзгертсеңіз, нәтижесін байқайтын боласыз. Миды дамыту және оның жұмысын жақсарту үшін кейбір дағдылар мен әрекеттерді 30 күн бойы жасап жүрсеңіз, жақсы нәтижесі көп күттірмейді. Олар қандай әрекеттер?
1. Миға салмақ түсіріңіз. Ақыл-ой күшін қажет ететін жаңа нәрселермен айналысыңыз. Мысалы, фортепианода ойнау, жаңа тіл үйрену, өз салаңызға қажет, бірақ көптен бері мойныңыз жар бермей жүрген жаңа нәрсе т.б. Бұл ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттырады, синапстарды күшейтеді, мидың функционалды желілерін кеңейтеді. «Сіз жаңа бір нәрсені үйреніп, миыңыз демалғысы келсе, ол өседі» дейді психолого Дженнифер Джонс. Бір нәрсені игеру арқылы сіз миыңызда жаңа байланыстар жасайсыз. Олар неғұрлым көп болса, болашақта ақпаратты есте сақтау оңайырақ болады. Жаңа нәрсе үйрену – миды жақсы ынталандырады. Стив Джобстың туденттік жылдары каллиграфиямен айналысқанын есіңізге түсіріңіз. Ол Стэндфорд түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде: «Егер мен каллиграфия курсына жазылмағанымда, Macintosh-тың мұндай керемет қаріптер гарнитурасы болмас еді» деген болатын. Сіз қай біліміңіздің пайдалы боларын ешқашан білмейсіз. Сондықтан әрдайым жаңа нәрсе үйреніп жүру қаперіңізде болсын!
2. Өзіңіздің жайлы ортаңыздан (зона комфорта) шығыңыз. Сізге бәрі жайлы және бәріне көңіліңіз толған сезімде жүрген кезде, мидан жақсы көңіл-күй тудыратын химиялық заттар бөлініп шығады. Содан сіздің көңіл-күйіңіз жақсы болуы мүмкін, бірақ жайлылық келешекте миға пайда бермейді. Тап осы жайлылық аймағынан шығу мидың жас күйінде қалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан жаңа тәжірибелерге ұмтылыңыз, жаңа дағдыларды дамытыңыз және жаңа идеяларға ашық болыңыз. Ақыл-ой жұмысынсыз нейрондардың өскіндері – нейронның денесіне жүйке импульстарын өткізетін дендриттер жиырылады немесе мүлдем жоғалады. Белсенді өмір дендриттік желілерді және мидың пласика деп аталатын қалпына келу қабілетін арттырады. Адам жайлылық аймағынан шығып, жаңа нәрселермен айналысқан кезде, ми «созылып», дендриттер көптеген бұтақтары бар ағаш сияқты өседі. Жайлы ортаңыздан шығып, әлем жайлы танымыңызды кеңейтіңіз. Сол кезде сіздің ақылыңыз толысып қана қоймай, әңгімеңіз де тартымды бола түседі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |