15:52
Ғажайып ми

МИ және НЕЙРОАЭРОБИКА (МИДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР)

Нейробика – адамның миына арналған кешенді жаттығу жинағы. Бір сөзбен айтқанда, нейробика – мидың ұтымды жұмыс істеуіне қолдау білдіретін аэробика. Нейробика мидың ауыртпалығын жеңіп, оның қосымша энергияға кенелуіне көмектеседі. Нейрон (жүйке жүйесінің негізгі бірлігі) және аэробика (жаттығу түрлері) деген екі  сөзден құралған бұл ұғымды американдық профессор Лоуренс Катц ғылымға енгізген. Аты айтып тұрғандай, нейробика – миға арналған жаттығулар. Бұл жаттығулар – еске сақтауды және көңіл-күйді жақсартып, жалпы мидың жұмысын белсенді етеді. Адамның бұлшық еттеріне үлкен физикалық қуатты жеткізетін жаттығулар қажет облса, миға қарапайым қимылдың өзі жеткілікті болады.

 

Нейробика кімге қажет?

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, нейробика барлық жастағы адамдарға пайдалы болады екен.нейробиканың жаттығулары балалардың ойын жинақтай алуына көмектеседі. Ал орта жас пен қарт кісілердің есте сақтау қабілетінің берік болуына ықпал етеді. Нейробиканың басты ерекшелігі онымен айналысуға арнайы орынның қажеті жоқ. Кез келген уақытта, кез келген жерде миыңызды тынықтырып алуыңызға болады. Нейробиканың ғалымдар ұсынған бірнеше әдісі:

1. Үйіңізден жұмысқа баратын траекторияңызды өзгертіңіз. Жаңа бағытты басып өту үшін біршама көп уақыт жұмсалатын болса да, оны өзгертуге тырыспаңыз. Себебі күнделікті өтетін торабыңыз сізге қайталану үдерісін алып келуі мүмкін. Ал уақтылы басқа бағытқа көшіп отырсаңыз, сіздің жол жаттау мүмкіндігіңіз артады.

2. Егер сіз оңқай болсаңыз, уақтылы негізгі жұмыстарды сол қолмен орындауға тырысыңыз. Мысалы, тісіңізді тазалағанда, тамақтанғанда немесе жазу жазған кезде сол қолға барыңызды салыңыз. Ал егер солақай болсаңыз, керісінше орындаңыз. Маңыздысы – әдет болмаған жағдайды қалыптастыру. Сол кезде ғана адамның миы бірсызықты өмірден арыла бастайды.

3. Мидың нейрондарын таңнан бастап ояту үшін, әдеттегі кофенің дәмінен басқа жақындаңыз.

4. Сіз тіпті күнделікті қайталанатын жұмыспен айналысатын болсаңыз да, миға жақын көздің жандарын сипау арқылы, сергіп алуға болады. Тек жаттығуды күніне төрт рет жасап тұру қажет.

5. Қоғаммен белсенді араласыңыз. Жаңа адамдармен танысып, шетелге саяхаттауды жиі ұйымдастырыңыз. Ең болмағанда өзіңіз тұратын мекеннің ортасын жақыннан тануға тырысыңыз.

6. Өзіңіз ұнатқан жанрдағы туындыларды ғана емес, мүлде танымайтын авторлардың кітаптарын оқыңыз. Әртүрлі журналдың бетін парақтау да сізге пайдалы.

7. Достарыңызбен ортақ әңгіме құрған кезде, барынша ерекше жауап немесе пікір білдіруге тырысыңыз. Өзіңізде бар әдеттен арылыңыз.

8. егер аспаздықты ұнатсаңыз, экзотикалық астың мәзірін жасаңыз. Оған өзіңіздің фантазияңызды да қосып, әлемде жоқ тағамды дайыдаңыз.

9. Өзіңізге қызық болған әзілдерді жатқа біліп алыңыз. Оларды жиі-жиі достарыңызға айтып, көңілдерін көтеріңіз. Тіпті өз ойыңыздан әзіл шығаруыңызға да болады. Бұл пайымдау мүмкіндігін арттырады.

10. Үйіңіздегі жиһаздардың орнын жиі ауыстырып тұрыңыз. Әр жеті немесе он күнде бір нәрсенің өзгеріп тұрғаны сананың жан-жақты ойлауына түрткі болады. Тіпті компьютеріңіздің басты бетіндегі суреттің ауысып тұруы миға оң әсерін береді.

11. Киім кию ұлгіңізді өзгертіңіз. Олай еткіңіз келмесе, ең болмағанда, ұнататын киіміңіздің түсін өзгертіңіз. Сырт көрініс адамның басқа стильге деген көзқарасын көрсетеді.

Егер осындай жаттығуларды жиі қайталайтын болсақ, мидың жұмысы жақсарып, өміріміз де жақсы жаққа өзгеретін болады. Күніне осы әрекеттердің біреуін 30 минут жасайтын болсақ, есте сақтау қабілеті жақсарады және дамиды, шешім қабылдау қабілеті тез болады. Тек осыларды әдетке айналдырсақ болды.

Соңғы жылдары аралығында АҚШ-тың колумбия университетінің неврологтары мен нейробиологтары адамның жасына қарамастан ми қызметін жетілдіретін жаттығулар жүйесін ойлап тапқан. Зерттеушілер жасы мен жынысы әртүрлі қатысушыларды екі топқа бөлген. Бірінші топ белсенді дене шынықтыруымен айналысуы керек болды – гимнастика, эллипс сияқты жаттығуларды жасап, негізінен мидың жекелеген бөліктерінің белсенділігін «күшпен» арттыруға тырысты. Екінші топ неғұрлым аз күш жұмсап, негізінен йога сияқты аса жоғары белсенділікті талап етпейтін жаттығулармен айналысқан.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аэробтық жаттығулар (белсенділігі төмен) қатысушылардың ойлау жүйесін айтарлықтай жақсартады екен. Тәжірибелік топтың мүшелері бірінші топқа қарағанда сынақтарды өте жақсы тапсырып, көбірек ұпай жинаған.

Бір қызығы, адамның жасына қарамастан ақыл-есі мен ойлау қабілеті жетілген. Енді ғалымдар бағдарламаны кеңейтіп, жаңа жаттығулар енгізбек. Оларды күнде жасап отырсаңыз, мидың жұмысы жақсарып, жасара түседі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: