22:32 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Ғалымдардың айтуынша, мидың жұмысын жақсарту үшін жаңа әрекеттер істеу арқылы миға күн сайын шабуыл жасап тұру керек. Мидың күш-қуатын мол пайдалағыңыз келсе, жаттығулар жасаңыз. Біз спортпен шұғылдану арқылы мүсінімізге мән береміз. Күніне бірнеше сағат уақытымызды сұлу сымбаттың иесі болу мақсатына арнаймыз. Ал миымызды шынықтыру үшін осы кезге дейін не істедік бітпейтін қиындықтар мен күйзелістер миға күш түсіріп, кейде терең ойлана алмай қалып та жатамыз. Ендеше, ми жұмысын жақсартатын жеңіл жаттығуларға назар салайық.
7. Жаңа орын Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.
8. Жаңа иістер Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз. Бұл миды «оятуға» көмектеседі.
9. Жұмулы көз Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондай-ақ, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелерініңіздің сезгіштігі арта түседі. Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |