22:39
Ғажайып ми

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ғалымдардың айтуынша, мидың жұмысын жақсарту үшін жаңа әрекеттер істеу арқылы миға күн сайын шабуыл жасап тұру керек. Мидың күш-қуатын мол пайдалағыңыз келсе, жаттығулар жасаңыз. Біз спортпен шұғылдану арқылы мүсінімізге мән береміз. Күніне бірнеше сағат уақытымызды сұлу сымбаттың иесі болу мақсатына арнаймыз. Ал миымызды шынықтыру үшін осы кезге дейін не істедік бітпейтін қиындықтар мен күйзелістер миға күш түсіріп, кейде терең ойлана алмай қалып та жатамыз. Ендеше, ми жұмысын жақсартатын жеңіл жаттығуларға назар салайық.

 

4. Күнделік жазыңыз

Көп адам үшін күнделік жазу дағдыға айналған. Өйткені бәрі өз ойын бөлісетін құрал іздейді. Күнделік жай ғана жазба емес, әлдебір іс-әрекетті қайта қалпына келтіру барысында күнделік жақсы көмекші бола алады. Қолымызға қалам алып өз-өзімізге үңілген сәтте ми талшықтары жақсылап оянып, өз-өзімізге айнадан қарағандай боламыз.

 

5. Күн сайын жаяу серуендеңіз

Дене мен ми бір-бірімен өте тығыз байланыста. Дене шаршағанда ми да қажиды. Сондықтан күн сайын жүгіріп, спортпен шұғыданып тұру керек. Біз қадам аттағанда миға оттегі көп бөлінеді, сәйкесінше қоректік заттар да миға әдеттегіден мол жетеді.

 

6. Кітап оқыңыз

Бұны біз айтпасақ та жақсы білесіз. Кітап – асыл қазына, ол білімімізді байытып, танымымызды кеңейтеді. Кітап оқып отырып қиялдайсыз, рухани ләззат аласыз. Миға демалыс сыйлайсыз. Миыңыздың жұмыс істегенін қаласаңыз, оған уақыт бөліңіз. Оны қозғаңыз. Сонда ғана әр нәрсенің шешімін тез табатын ұшқыр ойлы адамға айналасыз. Адам білімпаз болған сайын, оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі. Интеллектуалды белсенділік, ауру ткандерінің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне ат салысады.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: