23:00
Ғажайып ми

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ғалымдардың айтуынша, мидың жұмысын жақсарту үшін жаңа әрекеттер істеу арқылы миға күн сайын шабуыл жасап тұру керек. Мидың күш-қуатын мол пайдалағыңыз келсе, жаттығулар жасаңыз. Біз спортпен шұғылдану арқылы мүсінімізге мән береміз. Күніне бірнеше сағат уақытымызды сұлу сымбаттың иесі болу мақсатына арнаймыз. Ал миымызды шынықтыру үшін осы кезге дейін не істедік бітпейтін қиындықтар мен күйзелістер миға күш түсіріп, кейде терең ойлана алмай қалып та жатамыз. Ендеше, ми жұмысын жақсартатын жеңіл жаттығуларға назар салайық.

 

1. Көзіңізді жұмып тұрып киініп-шешініңіз

Бұл жаттығуды күніне бір рет жасау керек. Басында бұл сізге күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ аталған жаттығу іс-қимыл координациясын жақсартады, мидың оң және сол бөлігін бір-бірімен тығыз байланыстырады, ұсақ моториканы дамытады т.б. Пайдасы мол жаттығу сіздің сезімталдығыңызды арттырады.

 

2. Санау ойындары

Ми әдеттегі ырғақты бұзғанды жақсы көреді. Жаңа мақсаттар миға да серпін береді. Сондықтан айналаңызға назар салып қарап, мына сұрақтарға жауап іздеңіз: «Жұмыста қанша баспалдақ бар? Автобустағы қанша жолаушы үстіне бірдей түсті киім киген? Жанымнан өткен екі машинаның нөмірлерін бір-біріне қосқанда қанша болады? Аялдамада тұрған қай адам қай адамға ұқсайды? Сөмкемдегі кітаптың мұқабасында қандай сурет қай жерде тұр? Жұмыстағы әріптесім кеше қандай киім киді? Қонақ бөлмедегі перденің қанша оюы бар?» т.б. Бұндай сұрақтарды өзіңіз де құрастырсаңыз болады.

 

3. Күн сайын 3 шетел сөзін жаттаңыз

Қандай тіл екені маңызды емес. Күн сайын жаңа тіл болса да артық емес. Күн сайын 3-5 жаңа сөзді жаттасаңыз, миыңыз жақсырақ жұмыс істей бастайды. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу керек. Сондықтан ағылшын тіліндегі сөздерді жаттай беріңіз. Соңында ағылшын тілін меңгеріп те аларсыз. Ғалымдар бірнеше тілді игерген адамдар бір мәселеден екіншісіне жылдам әрі тиімді ауысып кете алатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, шет тілдеріндегі сөздерді уақытылы жаттау – есте сақтауды жаттықтырудың керемет әдісі. Өздігіңізбен тіл үйренудің жолдары көп. Мысалы, шет тіліндегі мультфильмдерді алдымен субтитрмен, содан соң субтитрсіз қарау.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: