11:48
Ғажайып ми

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ СҮННЕТТЕГІ 3 ЖОЛЫ

Күн сайынғы интернет, теледидар, әлеуметтік желілерден керекті-керексіз ақпараттарды қабылдаған миымыз әлсіреп, жұмысы нашарлайтыны белгілі. Осыған орай ғалымдар миды тынықтырып, оның жұмысын жақсартудың түрлі әдістерін ойлап табуда. Ал нейробиологтар э.Ньюберге мен М.Уолдманның мына тиімді 3 әдісін осыдан он төрт ғасыр бұрын ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтып кеткен:

1. Күлімсіреу. Нейрологиялық тұрғыдан алғанда жымию мен күлімсіреу ми қантамырларының жұмысын жақсартып, денсаулықты да нығайтады. Бұлармен қоса, сүннет бойынша, күлімсіреу – садақа екендігі белгілі.

2. Терең ойлану, оқу-білімге құштарлық. Алланы жиі еске алу, тәфаккур (терең ойлану), шүкіршілік ету, оқу-білімге құштар болу – есте сақтау қабілетін арттырып, мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы.

3. Құлшылық. 5-10 минуттық намаз, дұға етудің өзі нерв жүйесіне оң әсер етеді: ағзада антистресстік гормондар артып, тыныштандыратын, депрессиядан арылтатын дофамин, серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: