23:52 Ғажайып ми | |
МИДЫҢ ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН «АҚЫЛМЕН» ТАМАҚТАНУ КЕРЕК «Ақылмен тамақтанудың» бірінші ережесі – тәртіп. Ми өзіне қажетті заттарды үзіліссіз алып отыруы үшін уақытылы тамақтану керек. Өйткені ағза тағамды өңдегеннен кейін алынған энергияны ми қабылдай алмайды. Ол ары кетсе 10-15 минуттық жұмысқа қуат алады. Одан кейін қайтадан асқазанға, бауыр мен бұлшық етке жүгінеді. Бұл әрбір 15 минут сайын тамақ ішу керек деген сөз емес. Бар болғаны сізде әрқашан «қор» болуы керек. Баяу көмірсу деп аталатын тағам ұзақ уақыт бойы қорытылады. Ол үнемі сіздің денеңізге нәр беріп отырады. Күнделікті тамақтану мәзірінде ботқа, кеспе, буға піскен картоп болғаны жақсы. Бұлар миды қажетті көмірсумен қоректендіреді. Сондықтан осы азықпен аз ғана мөлшерде тамақтансаңыз жетіп жатыр. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |