12:39
Ғажайып ми

МИДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН БАС ТАРТУ КЕРЕК немесе АЗ ҚОЛДАНУ КЕРЕК ТАҒАМДАР

Кейбір тағамдар миға зиянды, кері әсер тигізеді. Ол тағамдардан бас тартып, сізге қандай оң өзгерістер әкелетінін бақылап көрсеңіз болады. Ол үшін бір апта бойы жасап, миға зиянды тағамдар түрлерінен бас тартып көріңіз. Жағымды нәтижесі көп күттірмес.

Ол үшін төменде берілген өнімдерден шамаңыз келсе бас тартқаныңыз дұрыс:

1. Кез келген формадағы қант.

2. Құрамында қанты көп тағамдар: конфеттер, пішінәйлар, тез дайындалатын ботқалар, кондитерлік өнімдерден, пирогтардан, тосап.

3. Ұннан жасалған кез келген тағамдар: қалаштар, нан, тәтті тоқаштар, лаваш, макарон.

4. Сұйық қант: қайта өңделген жидектердің шырынынан. Оның орнына сәбізден, сельдерейден (балдыр көк), қызылшадан немесе басқа жеміс-жидектерден шырын шығарып ішіңіз.

5. Тәтті газдалған сусындар: кез келген ыдыстағы тәтті газдалған сусындар, мысалы, кола, спрайт, фанта, т.б.

6. Қант қосылған спирттер, полиолдар: маннит, сорбит, лактит, малит, ксилит, т.б.

7. Қаныққан майлар: шамадан тыс қаныққан май тұтыну ми функцияларына зиян келтіреді. 6000 әйелге 4 жыл бойы жасалған зерттеудің нәтижесінде қаныққан май қолданғандардың есте сақтау қабілетінде төмендеу, ал зәйтүн майы сияқты пайдалы майларды қолданғандарда есте сақтау қабілетінің қуаттанғаны байқалды.

8. Көмірсуы тым төмен диета: жасалған зерттеулер бойынша 22-25 жас аралығындағы көмірсу мөлшері тым төмендетілген емдәм (диета) ұстаған әйелдерде түсіну, анализ жасау қабілетінің төмендеені байқалды. Бүкіл көмірсулар зиянды емес.

9. Тұзды тағамдар: жүрекке зияндылығы белгілі болған тұзды жоғары мөлшерде натрий тұтынудың мидың мәліметті қорытуына зиян беретінін көрсетеді.

10. Қуырылған тағамдар: қуырылған тағамдардың Альцгеймер, Паркинсон сияқты неврологиялық аурулардың қоздырғышы болатыны байқалады.

11. Қызыл ет пен сүт өнімдерін аз пайдаланыңыз: ет және сүт өнімдерінде қаныққан майлар холестерин мен бета-амилоидтың пайда болуын ынталандырады, бұл есте сақтау қабілетінің әлсіреуі мен Альцгеймер ауруының дамуына әкеледі. Сондықтан көп емес, белгілі бір уақыт аралығында пайдалануға тырысыңыз. Сонда зияндылығы аз болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 37 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: