00:32
Ғажайып ми

МИҒА ЕҢ КЕРЕКТІ ДӘРУМЕНДЕР

Мырыш. Мырыш – жүйке жүйесінің қызметін өалыпта ұстайды. Мырыш басқа дәрумендермен өзара байланысқа түсе отырып, қарақұс миының жұмысын реттейді, есте сақтауды жақсартады және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

Мырыш жад үшін толық минералдв зат, тікелей нейрондар арасындағы байланыстарға әсер етеді, оларды қорғайды. Сондай-ақ қабынуға қарсы. Осылайша, ол оқуға тікелей әсер ететін есте сақтау мен зейінді шоғырландыру үшін өте қажет. Ол көбінесе теңізден алынатын өнімдерде және жаңғақта болады.

Магний. Магний – ми үшін ең жақсы қоректік зат. Бұл нейромодуляторлардың жиілігіне әсер етеді, мидың тыныш импульстарын белсенді етеді, метаболикалық процесті жылдамдатады. Сондықтан күн сайын осы минералды 350 мл қабылдау ұсынылады.

Магний – дәнді-дақылдарда, бұршаққындыларда, көкөністерде, жұмыртқада, алмада, жаңғақта, күнбағыста, сәбізде, балдыркөкте және салат жапырақтарында көп мөлшерде табылады.

Е дәрумені. Бұл миға арналған супердәрумен. Қуатты антиоксидант. Оның тапшылығы координацияға, ес, үйрену қабілетіне әсерін тигізеді. Бұл дәрумен майда ерігіш, сондықтан ол майлармен бірге жақсы сіңіріледі. Е дәрумені өсімдік майы, көкшөп, жұмыртқа және бауырда (әсіресе балық бауырында) болады.

Біздің ақыл-ойымыздың күші миымыздың күйімен тығыз байланысты. Сондықтан миды осы дәрумендермен күнделікті қоректендіріп отыруымыз керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: