10:28
Ғажайып ми

ТАМАҚТАНУ мен МИДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек.

Гиппократ

Негізі, «Сен не жесең – солсың!» деген сөз тегіннен-тегін айтылмаған. Тамақтың ми мен психикалық саулыққа әсер ететінтіндігі даусыз. Аузымызға салған кез келген тамақ жүрегімізге әсер ететіні сияқты миымызға да әсер етеді. Адам ағзасы өзіне қажетті заттарды тамақ пен су арқылы алады. Содан алынған қоректер тіке миға барады. Тамақ өнімдерінің құрамы мен қасиеті адамның миының қызметіне, эмоционалды күйіне және жалпы өмір ұзақтығына тікелей әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның миының саулығы 50% адамның өмір сүру салтына байланысты. Өмір сүру салты дегеніміз – оның тамақтану әдеті, тұтынатын өнімдерінің сапасы т.б.

Ғалымдар түсіну, ойлау, есте сақтау және үйрену тамақпен тығыз байланысты деп санайды. Әсіресе, соңғы 20 жылдықта ғалымдар тамақтанудың миға әсерін зерттеп, осы бағытта үлкен жетістіктерге жетіп, маңызды ақпараттарға қол жеткізді. Мысалы, олар бізді депрессиядан қорғайтын, күйзелісті азайтып, есте сақтау қабілетін күшейтетін немесе керісінше теріс әсер ететін тағамдардың нелер екенін анықтады. Олардың арқасында біз Омега-3 майлары, әсіресе DHA жадтың ең маңызды достарының бірі екенін білдік. Сондай-ақ В12, D дәрумендер мен темір сияқты минералдары да солай. Алла жаратқан табиғи дәріхана біздің миымыздың жұмысын жақсартуға арналған жүздеген таблеткалармен қамтамасыз етіп отыр екен. Оны кеш те болса аңғарып жатырмыз. Мысалы, жүзімдегі резвератрол, шайдағы катехиндер, жеміс-жидектер мен көкөністердегі көптеген антиоксиданттар мидың жұмысын жақсартады, қуаттайды. Сонымен қатар «тамақтану – ами қатынасы» туралы әртүрлі және жаңа идеялар бар.

Америкалық психиатриялық қауымдастық жыл сайын «Тамақтану – ми қатынасы» деген конференция өткізеді. Конференцияға қатысуға келген әр елдің ғалымдары өздерінің тамақтың адамның эмоционалды күйі мен танымдық қабілетіне әсері туралы соңғы зерттеулерін талқылайды. Осынау бір конференцияда Америкалық психиатриялық қауымдастықтың жетекшісі, Нью-Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Дрю рэмси дұрыс тамақтану күйзеліс қаупін 40% төмендеуі мүмкін деді. Ал Массачусетс университеті мен Гарвард медициналық мектебінің психиатры Эмили Дин асқазан мен мидың бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынас жасайтынын мәлімдеді. Яғни бірінде қандай да бір ақау пайда болса, екіншісіне әсер етпей қоймайды.

Адамның миы дененің барлық жүйке талшықтары сияқты миелин қабығымен қапталған көптеген нейрондардан тұрады екен. Бір қызығы, миелин түсіне байланысты «ақ зат» деп аталады және ол шамамен 70% липидтерден тұрады (фосфолипидтер мен «жақсы» холестерин), бұл импульстарды миға жіберуге мүмкіндік береді. Бұл бізге дәл үйлестірілген қозғалыстарды жасауға немесе бір уақытта бірнеше функцияларды ешқандай қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді.

Миелин қабығының қалған 30%-ы ақуыздан тұрады, ол жасушалардың құрылыс блогы болып табылады. Ол сонымен қатар миға глюкоза, витаминдер мен минералдар сияқты қоректік заттарды тасымалдайды. Сондықтан ойлау процестерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қоректік заттардың ара қатынасына ерекше назар аударып, дұрыс және теңгерімді тамақтану керек.

Егер сіз миыңыздағы барлық сұйықтықты алып тастасаңыз, қолыңызда мидың көп бөлігін құрайтын липидтер деп аталатын майлар ғана қалады. Қалғандары ақуыздар мен амин қышқылдарының, микроэлементтер мен глюкозаның іздері болып табылады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: