10:53
Ғажайып ми

МИДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ ЖЫЛ МЕЗГІЛІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МА?

Мидың түсіну және қабылдау қабілеті жылдың мезгіліне байланысты болады. Бұл туралы нейрофизиолог-ғалымдар Proceedings of the National Academy of Sciences басылымында жариялады. Осыған дейін адамдардың көңіл-қошы жыл мезгіліне байланысты болатыны туралы тұжырымдар келтірілді. Бірақ ми жұмысының мезгілдерге байланысты болуы аз зерттелген тақырып екен деп жазады planet-today.ru. Льеж университетінің ғалымдары өткізген ғылыми тәжірибеге 28 ерікті қатысқан. Олар жылдың төрт мезгілінде арнайы зертханада сыртқа шықпай, бірнеше күнді өткізген. Осындай әрбір оқшаулау кезеңінен кейін оқымыстылар олардың ми жұмысын алуан түрлі тест арқылы тексеріп, ойлау қабілеттерін зерттеген. Нәтижесінде тест қорытындылары жыл мезгіліне байланысты болмағанымен, бұл сынақтардан өтуге қажетті ми ресурстарының қоры жыл мезгіліне тікелей тәуелді болатыны анықталды. Көп қимылдайтын адамға қарағанда, аз қимылдайтын адамдардың миы кішірейе береді. Бұл өз кезегінде қартаю процесін тездетеді. Тәжірибеге 40 жастағы 1583 адам қатысқан. 20 жылдан кейін олардың миын магниттік-резонансты томографиялық жолмен тексеріп көрген. Сондай-ақ дене белсенділігін тексерген. Белгілі болғандай, көп қимылдайтындарға қарағанда аз қимылдайтындардың миы кішірейетінін анықтаған.

АҚШ-тың Гладстон институтының дәрігерлерді адамның семіздік індеті мен ми қызметінің байланысы барын анықтады. Олардың айтуынша, адам миы тек зат алмасу процесін ғана басқарып қоймай, сонымен қатар, зат алмасу процесінен пайда болатын семіздік індетіне де жауап береді. Ғалымдар адам бойында, яғни, барлық ағзада, соның ішінде, бауыр мен жиналған май қабатында кездесетін «P75 NTR» ақуызының барын анықтаған. Бұл ақуыздың көбеюі өз кезегінде адамды тез семіртетінін және майдың жиналуына себепкер болмақ. Олардың сөзіне қарағанда, ақуыздың пайда болу процесін басқару жолы табылса, семіздік індетін ауыздықтауға және метаболикалық синдромның қарқын алуына тосқауыл қоюға мүмкіндік тумақ. Аз қимылдайтын адамның миы кішірейе береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: