10:47
Ғажайып ми

АҚЫМАҚТЫ ДАНЫШПАН ЕТІП ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?

Адам жаратылысынан әртүрлі. Өсе келе ақыл-ой деңгейі де әртүрлі болып қалыптасады. Біреу ақылды, біреу олай емес деген сияқты. Көп адамның түсінігінде бұл заңдылық «адамдар осындай болуы керек» сияқты болып көрінеді. Негізі, бұл қатып қалған қағида емес. Егер адамның ақылы аз болса, оны түрлі тәсілдерді қолданып жетілдіруге болады. Сондай-ақ корей дәрігерлерінің дәлелдеуінше, ота жасаудың  (операция) көмегімен ақымақтың өзін данышпан етіп шығаруға болатын көрінеді. Өйткені Сеул ұлттық университетінің бір топ ғалымдары мидың артқы бөлігінде ақылдылыққа «жауап беретін» нүктенің бар екенін анықтаған. Ол үшін Ли Кун Хо бастаған ғалымдар 16-18 жас аралығындағы 25 талантты баланың және 25 қарапайым баланың миын магниттік-резонанстық томографтың көмегімен бақылауға алады. Оларға түрлі есептер шығартып, ой еңбегін талап ететін тапсырмалар береді. Сонда анықталғаны – ақылды балалардың шүйде тұсындағы ми бөлігі белсенді түрде жұмыс істеген, ал қарапайым балалардың миының бұл бөлігі ұйықтап жатқан. Осыны зерттей келе ғалымдар «мидың қатты жұмыс істеуінің себебі онда нейрондар көбірек болады», - дейді. Демек, кез келген адамды данышпан етіп шығару үшін оның ми бөлігінің осы тұсындағы нейрондардың белсенділігін арттыру қажет. Ғалымдар осы сәулелендіру жолымен немесе нейрондардың импульсін арттыра түсетіндей етіп операция жасау арқылы жүзеге асыруға болатынын айтады. Корей ғалымдарының пікірінше, «мұндай операцияны адам миының қалыптасу процесі толық аяқталатын кез – 25 жасқа дейін жасаған жөн екен».

Сонымен қатар, адамның миындағы нейрондарды түрлі жаттығулармен көбейтуге болады.

Айтпақшы, ақылды болу өте пайдалы. Себебі Аризона (АҚШ) университетінің геронтолоогтары зерттеу жасап, адамның зияткерлік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жүз жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы жоғары екенін анықтады. Ғалымдар адамдардың өлім-жітімінен төрт есе төмен екенін анықтады. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы медициналық зерттеулер кеңесінің сарапшылары Шотландияда тұратын бір жарым мың ер мен әйелдің IQ мен денсаулығының байланысын зерттей келе, осындай қорытындыға келді. Зерттеу 1987 жылы басталған, ол кезде бақыланғандардың әрқайсысы 56 жаста болды.

Глазго мен Эдинбург университеттерінің ғалымдары зерттеу жасап жатқан адамдарын, яғни зерттеуге қатысушыларды жиыр жы бойы бақылап, мынадай, таң қаларлық нәтижеге қол жеткізді: өмір бойы миымен, ақылын қолданып белсенді жұмыс жасағандар ұзақ өмір сүрген. Психология ғылымының профессоры, биология ғылымдарының докторы Юрий Щербатыхтың пікірінше, бұл құбылысты ХІХ ғасырда атақты неміс дәрігері Кристофер Гуфеланд ашқан. Ол бұл туралы былай деп жазған: «Адам өзінің физикалық жағдайы үшін де белгілі бір білімге мұқтаж, өйткені бұл оның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді. Надан және дөрекі адам ұзақ өмір сүрмейді».

Ол бұған өмір сүру ұзақтығы төмен болған кезеңде 80-90 жыл өмір сүрген сүлеймен, Платон, Диоген, Софолк, Демокрит сияқты данышпандарды мысалға келтіреді. Олар өз кезеңдеріндегі орташа өмір сүру ұзақтығынан артық өмір сүрген. Негізі, адамның қаншалықты өмір сүретіні Алланың қалауына, жазмышына байланысты. Сонда да денсаулық, оның ішінде жан саулығы өте маңызды. Негізі, Кристофер Гуфеланд олардың денсаулығының мықты болу себебін «Ұлы ақиқақтқа қол жеткізіп, жүректерінің тыныштық тауып, содан ләззат алуымен байланыстырылған. Бәрімізге белгілі, жүрек тыныштығы, өмірден ләззат алу өмірді ұзартудың ең жақсы тәсілі болып табылады. Осы өлім мен интеллект арасындағы байланыс фактісі ғылыми тұрғыда тек осы ғасырдың басында ғана анықталды. Физиологтар бұл заңдылықты «ең ақылды адам бәрінен ұзақ өмір сүреді» деген афоризммен білдіреді. Мұы былай қорытындылауға болады: Өзінің өмірге не үшін келетінін, неге өмір сүретінін тапқан ең қылды адам ұзағырақ өмір сүреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: