МИ ҚАЙ КЕЗДЕ ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
- Таңғы 6-дан 7-ге дейін – бұл кезде ұзақ сақталатын есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды және осы кезде барлық ақпараттар жеңіл қабылданады.
- Таңғы 8-ден 9-ға дейін – бұл кезде логикалық ойлау іске қосылады, есте сақтау мен салыстыруға байланысты жұмыстар жасауға өте тиімді.
- Таңғы 9-дан 10-ға дейін – ақпаратпен және статистикамен жұмыс істеуге қолайлы уақыт.
- Таңғы 11-ден 12-ге дейін – интеллектуалды функциялардың тиімділігі төмендейді, уақытты ойыңызды басқа дүниелерге ауыстыратын нәрселерге бөлсеңіз болады. Мысалы: музыка тыңдауға.
- 11:00 мен 14:00 аралығы – түскі ас ішуге ең қолайлы уақыт. Осы уақытта астың қорытылуы мен сіңуі өте жақсы өтеді.
- 12:00 мен 18.00 – белсенді жұмыс жасауға арналған уақыт. Өте кеш жасалатын еңбек миды шаршатады, мидың шаршағанының белгісі ұйықтай алмау себептері болып табылады.
- 21:00 мен 23:00 арасында – ой мен жүйке жүйесінің толыққанды демалу процесі жүреді.
- 23:00-ден түнгі 01:00-ге дейін ұйқы уақытында нәзік энергияның қалпына келу процесі жүреді. Заманауи ғылым бойынша, мұны жүйкелік және бұлшықеттік күштің қалпына келуі деп айтады.
- 1-ден 3-ке дейін ұйқы кезінде адам эмоционалды энергиясын қалпына келтіре алады.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|