23:57
Ғажайып ми

МИҒА ШАХМАТ ОЙНАУДАН ГӨРІ ФОТОСУРЕТТЕРДІ ҚАРАУ ҚИЫН ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Біз әдетте миымыздың қалай жұмыс істепжатқанын білеміз деп ойлаймыз, бірақ оның қызметі бізге түк аңғарылмайды. Ол біздің хабарымызсыз көптеген өте күрделі қызметтерді атқарып жатады. Сондай-ақ ми біз ойлағандай баяу жұмыс істемейді.

Біз күніне қанша шешім қабылдасақ, сол шешімдердің барлығына ми белсенді түрде қатысады. Себебі біз барлық процесті бір уақытта басқара алмаймыз. Біз бір сәтте бір затты ғана ойлай аламыз. Сосын көп нәрсені автоматты түрде жасаймыз. Егер сіз «бір уақытта екі нәрсені ойлай аламын десеңіз», бұл бір ойдан екінші ойға жылдам ауыса алатыныңызды ғана білдіреді. Екі-үш нәрсені бір уақытта істегенде, оны автоматты түрде жасайсыз. Мысалы, көлікті алған айдағанда, сіз телефонмен сөйлесе алар ма едіңіз? Жоқ. Оны үйреніп, әбден меңгеріп алғаннан кейін, емін-еркін жүргізіп сөйлесе бересіз, яғни сіз көлікті қалыптасқан дағдымен автоматты түрде жүргізесіз. Сондықтан қайталап жүрген іс-қимылды ми автоматтандырады. 1-1,5 жаста жүруді үйренгенде, оң аяқ, сол аяқ, оң, сол деп жүріп үйрендік. Қазір бұл жайлы мүлдем ойланбаймыз. Соның арқасында біз көп жұмысты тындыра аламыз және еркін өмір сүре аламыз. Сондықтан ми автоматты түрде жұмыс істейді. Оның жаңа нәрсеге үйренуі үшін біраз уақыт керек болады. Дегенмен мидың тез өзгере алатындығы, серпімділігі мұны жылдам игеруге мүмкіндік береді.

Программистер адамның қабілеттірін қайталайтын бағдарлама құрастырған кезде, бұл бағдарламаға логикалық ережелермен және күрделі математикалық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін әрекеттер тізбегін ойлап табу оңай болған. Алайда компьютерге кескін, бейнені немесе қозғалатын заттарды танитындай ету өте қиынға соққан. Қазіргі уақытта ең жақсы компьютерлік шахмат бағдарламалары әйгілі чемпиондарды жеңе алады. Алайда тәй-тәй басып, жүруді әрең үйренген бала визуалды бейнені тануға келген кезде, кез келген бағдарламаны шаң қаптырады. Бұл жерде ең қиын нәрсе – жеке нысандарды визуалды көрініске сәйкестендіру. Айталық, біз тамақтанатын үстелге қараған кезде, шыныаяқ бір нәрсенің алдында тұрған бір нысан сияқты болып көрінеді. Мысалы, ол гүлі бар құмыраның алдында тұр. Алайда бұл түсінік миға көптеген күрделі есептеулерді қажет етеді екен. Сіз бұл белгісіздікті кейде бір нәрсені дұрыс табу үшін тез-тез қарап жатқан кезде ғана байқайсыз. Мысалы, түн ортасында қараңғы көшедегі тас кенеттен көршінің мысығына айналады. Ми алдыңғы тәжірибесіне сүйеніп нысанды екі бөлек және басқа комбинацияда қарастырып жібереді. Сіздің ағаш дәл біреудің басынан өсіп тұрғандай етіп суретке түсірген кезіңіз болды ма? Сіз мұны түсірген кезде аңғармайсыз. Өйткені ми нысандарды сіздің көзіңіздің көру қашықтығына сүйеніп, өздігінен ажыратып тастайды. Бірақ бұл ақпаратты түсіру қашықтықты қамтымайды, содан бір нысан екінші нысанның үстінде тұрғандай болады.

Сондай-ақ адамдарға күрделі суреттерді көрсетіп, «ерекшеліктерін тапшы» десеңіз, олар «ерекшеліктерін табамын, егер қозғалыссыз, бір орында тұрса» деп шарт қосады. Себебі адамның көзі бір суреттен екіншісіне ауысса, адамның ойы шашыраңқы болып, кәдімгідей әбіржіп қалады. Бұл ми мен есте сақтау қабілетінің мінсіз емес екендігін білдіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: