10:00 Қазақтық | |
АУНАТУ Аунату – ұлтымыздың текті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы сенімі. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос-жарандары оны осы жердің топырағына аунатып алған. Керісінше туған жерінен жырақта өсіп өнген азамат туған жеріне келгенде өзінің балаларын да ата-бабасының туған топырағына аунататын болған. Бұл – болашақ ұрпақтың туған жерге, өскен елге бауыр басып, отаншыл, елжанды азамат болып өссін деген үмітпен туған сенім.
Психологиялық мәні: Асылы, аунату кез келген қонақтың артынан емес, сыйлы, құрметті, жасы үлкен, ісі келіскен қонақтың артынан жасалған болуы керек. Сонымен бірге, соқталдай кәмелетке толып, болып-толған бала емес, бесіктен белі шықпаған баланы аунатқан да болар, балаға «анау төсекке өзің ауна» демеген болар. Сондықтан аунатудың балаға қатысы шамалы, балаға ой түйдіруге арналмаған. Себебі белі қатаймаған баланы тәрбиелейтін адамдар – ол ата-ана. Келген қонақтың әңгімесі мен ісінен тазалық пен асылдықтың көріп, аунату арқылы ата-ана з баласының осы кісідей адам болғанын, осы жолда еңбек ету керегін есіне салып отырған. Бұл кісінің бойындағы бар қасиет баланың басында емес, тұла бойында болсын деп баланың бар қасиет баланың басында емес, тұла бойында болсын деп баланың тұла бойын аунатқан. Баланы ата-ана өз қолымен аунататындығы белгілі. Баланы аунатып, өз қолымен балаға қатысты дүние жасалады. Бұл жерден көретініміз: ересек ата-ана өзі арқылы баланың тұла бойын «жасайтындығын» түйсінгені. Сондықтан аунату арқылы ата-ана өз «қолының» бала тірбиесіндегі рөлін мойындаған. Және осы қолмен өз баласының бойында қонақтан көрген асылдық пен сыйлылықты өз қолымен өсіруді өзіне мақсат пен міндет ретінде қойған сияқты. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
