16:04 Қазақтық | |
ҚҰТТЫҚ Құттық – жаңадан келін түсірген үйден көрші қыздардың алатын сыйы. Келін түсірген үй құда-құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған, яғни әлі ұзатылмаған бойжеткендері келіп «құтты болсын» айытп, арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздар үй иелерінен өздеріне лайық кесе-аяқ, көрпе-жастық, сақина, сырға сияқты әшекей заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде «құттық» деп аталады. Ол «құтты болсын», «құт әкелсін» деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы. «Құттық» алатындар әдейі алыстан да келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың салт-дәстүрге бай жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді.
Психологиялық мәні: Тұрмысқа шығу, жат жұрттық болу – әрбір қыз бала үшін сана деңгейіндегі дүние сияқты болып көрінеді. Бірақ жан, психика деңгейінде белгісіз дүние ретінде өмірлік алаңдаушылығын туындатады. Сондықтан «құттық» жоралғысын бой жетіп келе жатқан қызды қалыңдық, келін болуға дайындаудың педагогикалық негізі деп те қарауға болады. Құттық ретінде кесе-аяқ, көрпе-жастық, сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдардың берілуі жайдан-жай емес. Жаңа кесе мен аяқ, құс көрпе мен жастық арқылы өзінің жеке, жаңа шаңырағын құруға ынтызарлығын арттырса, сақина, сырға сияқты әшекей заттар арқылы қыздың назарын бұл жаңа өмірлік дүниелердің берік, мәңгілік болу керектігіне аударған. Құттық ретінде мал беру арқылы өсіп-өну, киімдер беру арқылы жаңа келбеттің пайда болатындығын жеткізген. Құттық беру үшін бойжеткендерге арнайы дастарқан жайылуы – келін болудың қуаныш екендігін ұғындырады. Сонымен бірге, сыйлықтар, мол дастарқан арқылы бойжеткеннің алаңдаушылығын басып, оның келін болуға етін үйретеді. халқымыз "құттық" а«қылы бойжеткен қыздарға педагогикалық-психологиялық тәлім берген. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |