23:18
Қазақтық

КӨРІМДІК СҰРАУ

Жақсылық пен жаңалыққа жаны құштар қазақ халқы жақсылық пен жаңалығына «көрімдік» сұрап, өз қуаныштары мен жаңалықтарына өзгелерді де ортақтастырып отырады.

Мысалы, жаңа туған нәестеге, жаңа түскен келінге, жаңа көтерген отауға, жаңа салдырған үйге, сарайға «көрімдігін беріп көріңіз» деп, көрмекші болған адамдардың алдын тосып көрімдік сұрайды. Оған өзінен «көрімдік» сұралған адамдар тай-тайынша, қой-қозы және бағалы заттардан «көрімдік» береді.

 

Психологиялық мәні:

Бір отбасыдағы қуанышты хабарға өзгелердің ортақ екенін білдіретін, функционалдық қызметі жағынан мәні бір сүйінші мен көрімдіктің уақыт деңгейінде және мазмұнына қатысты кішігірім айырмашылықтар бар.

Сүйінші беру – жақсы хабарды естігенде осы хабардың құндылығын сезінумен байланысты, қуанышты хабарды естігенде сүйсінуді білдіреді.

Көрімдік беру – сүйсініп естіген жақсы хабардың себепшісін өз көзімен көргенде оны мойындап, қуанышын сыйлы дүние арқылы көрсетуі. Қуаныштың себепшісін көзбен көріп, қолмен ұстап, оны толық мойындауға нүкте қоюды білдіреді. Сәбиге қатысты мысалымызды ортаға салсақ, сәбидің дүниеге келгенін естіп қуанған адам, оны көрген кезде көз қуанышын да жеткізеді. Көріп, біліп, ұстадым деп мойындауын зат арқылы білдіреді. Осылайша, бір шаңырақтың баласы – бір ауылдың ортақ көз қуанышына айналған.

Көрімдік арқылы оны берген адам осы қуаныштың өзіне де жұғысты болғанын қалап, қуаныштың «жұрнағын» «сатып алу» арқылы өз отбасында да жақсы болуынан үміт еткен.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: