00:41
Қазақтық

ҚҰЛПЫТАС ОРНАТУ

Құлпытас орнату – қаза болған кісінің басына белгі тас орнату және күмбез тұрғызу.

Көбінесе қаза болғанына бір жыл толғанға дейін орындалады. Тас орнату болсын, күмбез тұрғызу болсын бір малды атап сойып құран бағыштап орнатылады.

Бұрын құлпытасқа кем деенде үш атаның есімі жазылатын дәстүр болған. Онда әкесінің, қайтыс болған адамның және құлпытасты қойған ұрпағының есімі жазылатын. Бұл дәстүр бертін келе бұзылды. Мұндай дәстүр шекаралық дауандарда бұлжымас заңдылық болатын. Ресей империясының әріден ойлаған саясаты, тіпті, құлпытастарды орнатуға тыйым салды. Себебі, уақыт өте келе түрлі сылтаулармен шекараны ұлғайтудың сәті туғанда дәлел болмауға тиіс. Әсіресе ол шекаралық аудандарда қиындыққа әкеліп соқтырған. Осы мақсаттв Қазақстанның Батыс өлкесінде орыстар бұрынғы қазақ қорымдарының құлпытастарын сындырып, оларды тұрмыстық қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Құлпытас – қазақтың ұлттық рухы, тілі, тарихы, жазба мәдениеті, сәулет өнері. Ол – жердің иесінің кім екендігін дәлелдейтін құжаты. Ешбір ұлтта кездеспейтін қолөнер туындысы, айбыны мен айбары.

Қазақта «мен өлгенде басыма көк тас орнатарсың» деген тәмсіл бар. Осыдан байқайтынымыз, құлпытас орнатудың да тұрмысқа қатысты бірнеше міндеті бар секілді.

Біріншіден, құлпытас орнату – жер иесінің кім екенін білдірсе, екіншіден, ата-бабадан жалғасқан шежіре. Үшіншіден – ұрпақ сабақтастығын жалғап, тек танудың құралы. Төртіншіден – құлпытас орнату немесе күмбез тұрғызып, бейітті қоршау – көр топырағы мал аяғымен шашылып, бетағашы түсіп, ақымның аузы ашылып қалмауы үшін керек.

 

Психологиялық мәні:

Құлпытас орнату дәстүрі әлеуметтік-психологиялық және экзистенциалдық-психологиялық мәнге ие.

Адам қайтыс болғанда физикалық тұрғыда өзінің өмір сүруін тоқтатады. Алайда оның әлеуметтік өмірі тоқтап қалмайды.

Қайтыс болған адаммен психологиялық, әлеуметтік тұрғыда оның жақындарының, білетін адамдарының қатынастары сақталады. Сондықтан құлпытас қою барысында қайтыс болған адамның аты-жөнімен қоса, осы құлпытасты тұрғызған жанның да аты жазылғаны тегін емес. Бұл арқылы қайтыс болған адам мен тіршіліктің арасындағы байланыстың жалғасқанын мойындау байқалады.

Сонымен бірге, құлпытастың этнопсихологиялық, яки, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мәселелерді шешудегі ықпалы туралы бұған дейін тарқатылды. Құлпытас арқылы жер иесінің кім екендігі дәлелденіп, ұрпақтан ұрпаққа несібесі мен мұрасы қалып отырған.

Екіншіден, құлпытас қайтыс болған адамның осы өмірде болғандығын, жерленген жерінде тіршілік еткендігінен хабар береді. Адам физикалық тұрғыдан тіршілік еткендігінен хабар береді. Адам физикалық тұрғыдан қайтыс болғанымен, оны еске алу құлпытас арқылы мүмкін болады. Адамның тіршілігі аяқталып, естелікке айналғандығы ойындалады. Сондықтан, құлпытас қоюдың астарындағы әлеуметтік-психологиялық мәні – қайтыс болған адамның естелік ретінде, жаны жоқ тас келбетінде өз жалғасын табатындығын көрсетеді.

Сонымен бірге, құлпытас қою арқылы экзистенциалдық мәнді көреміз. Құлпытас әр адамның өмір сүргенін, өз орнының болғандығынан хабардар етеді. Құлпытас арқылы адамның экзистенциалдық алаңдаушылығы – осы өмірде өз ізін қалдыруға ниеті қанағаттандырылады. Оның ізі көрініс табады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: