00:31
Қазақтық

БЕСТАС

Психологиялық мәні:

Бестас ойынында сонымен бірге ұпайды өзіне жазу барысында (бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алу және екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алу, бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алу) баланың қолына массаж жасалатындығы анық. Бұл массаж түрі қазір стоунтерапия немесе литотерапия деп аталып, Азия мен Үндістан елдеріндегі ежелден келе жатқан денсаулықты жақсартудың тәсілі болса, батыс елдерінде соңғы 20 жылдың көлемінде жаңа танылып келе жатқан массаж түрі. Бұл массаж түрі арқылы ағзаның барлық жүйесі өз жұмысын жақсартса, оның алмасу процесі, жасушалық тыныс алу қалпына келіп, қан айналысы жақсаратындығы белгілі.

Бестас ойынының «қуалау», «үй үстіне үй тігу», «кедергі», «теріс айналдырып қағып алу» деген түрлері арқылы адамның бүкіл буындары қимыл-қозғалысқа түсіп, ірі моторикасы жұмыс жасайды. Бұл жас баланың буынын бекітсе, ересектердің сүйек, буын ауруларының алдын алатындығы анық.

Сондықтан, бала мен ересектің кез келгені ойнауға тиісті бестас ойыны адамныңфизиологиялық, психофизиологиялық, педагогикалық, т.б. дамуына ықпал етеді.

Сонымен бірге ойын барысында ұлттық педагогикалық-психологиялық мәндерді аңғарамыз: «балта шабу», «тарақтау», «құдыққа салу» сияқты тұрмыс-тіршіліктік дүниелерге бес саусағын жас кезінен баулыса, «қуалау», яғни алдыға қойған мақсат пен міндеттерге жету керектігін бейсаналы деңгейде ұғынады. Ең бастысы, «кедергі»-лерге қарамай – өмір сүруге ұмтылыстың қажеттігі түсіндіріледі. «Кедергілер» адам өмірінде тас немесе асық сияқты табиғи дүние ретінде танылып, олардың адам құдіретінен және амал-әрекетінен, айласынан үлкен еместігі ұғындырылады.

Ойын ойнау барысында ережелер мен тәртіпке бағыну, ойын ережелерін бірлесе ақылдасып бекіту – адамдардың өзара келісіммен өмір сүруге дағдысын қалыптастырады. Бұл дағды жаңа өсіп, жетіліп келе жатқан балалар үшін таптырмас көмек. Қарап отырсақ, бестас ойнау барысында түрі мен тәсілі, ойынға қатысатын ойыншылар саны, т.б. ұйымдастырушылық мәселелер ойын басталмай жатып келісіледі.

Ойынның түрліше тәсілдері бала қиялы мен суырыпсалмалығын ғана дамытуға арналмаған. Алдымен бір-бір тастан ілген қолға талап та күшейтіліп, екі, содан кейін үш, төрт тастан қатар алу міндеттелген. Бірінші мен төртінші тәсілдері арқылы әрбір істе адамға бас салып бірден ауыр жүкті артпау керектігін, етін үйреніп алуына жол беру қажет дегенге саятын педагогикалық мәнді байқауға болады.

Ойынның бесінші тәсілі мен он бірінші тәсілі адамды ептілік пен қиялды шарықтатуға, суырып салып, шығармашылықпен өмір сүруге дағдыландырады.

Тастарды арасынан «Нәби» тасты таңдап алып, оған басқа тастарды тигізбеу – үлкенге құрмет пен сыйлауды көрсетеді.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 54 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: